
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің тапсырмасына сәйкес, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Махановамен 2026 жылғы 3 қыркүйекте Департамент қызметкерлері арасында құқықтық оқу өткізілді.
Құқықтық оқу барысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері қаралды.
Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерін атқару кезінде де, қызметтен тыс уақытта да өзінің мінез-құлқымен мемлекеттік аппараттың беделіне нұқсан келтірмеуге, қоғам тарапынан сынға себеп болатын әрекеттерге жол бермеуге және жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын қатаң сақтауға тиіс екендігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі аккаунттарына мониторинг жүргізілетінін атап өтті. Мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларына қайшы немесе оның мәртебесіне сәйкес келмейтін мінез-құлқын көрсететін фото- және бейнематериалдар, оның ішінде алкогольдік масаң күйдегі, алкоголь өнімдерін немесе кальян тұтыну барысындағы материалдар, сондай-ақ заңнамамен тыйым салынған заттарға қатысты жарияланымдар анықталған жағдайда, қызметтік әдеп нормаларын сақтамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігі ескертілді.
Әдеп жөніндегі уәкіл әрбір мемлекеттік қызметші жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, өзінің қызметтік мәртебесіне сай мінез-құлық танытуға және қызметтік әдеп талаптарын бұзуға жол бермеуге тиіс екенін атап өтті.
Құқықтық оқу соңында қатысушылардың тақырып бойынша қойған сұрақтарына жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1285377?lang=ru

Жауап қалдыру