Облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

А.ж. 3 қыркүйекте облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Қ. Бахытұлының төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібінде Алматы облысы бойынша еңбек инспекциясы департаментіне SHEBERBUILD ЖШС қызметкерлеріне еңбекақының төленбеуі, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбек шарттарын Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу, сондай-ақ «Еңбек жолы» және «Парыз» республикалық конкурстарының облыстық кезеңіне ұсынылған материалдар қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты басқармаларға, аудан және қала әкімдіктеріне тиісті тапсырмалар беріліп, қаралған мәселелер бойынша нақты шаралар қабылдау міндеттелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-social/press/news/details/1285756?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді