Бос жұмыс орындары порталында уақытылы жарияламаған жұмыс берушілерге қатысты бақылау күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Enbek.kz Электрондық еңбек биржасына бос жұмыс орындарын орналастыру тәртібі туралы

2026 жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушілердің бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді орналастыру тәртібін, сондай-ақ азаматтардың жұмысқа орналасуын есепке алу және оларды жұмыссыз ретінде есептен шығару тетігін түсіндірді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жұмыс берушілер өздерінде бар барлық бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді Электрондық еңбек биржасы — Enbek.kz порталына орналастыруға міндетті.

Бос жұмыс орны ол пайда болған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде және қызметкерді ресми түрде жұмысқа қабылдағанға дейін жариялануы тиіс.

Аталған талаптың сақталуы еңбек нарығындағы бос жұмыс орындары туралы ақпараттың өзектілігін қамтамасыз етеді және азаматтарға қолжетімді жұмыс орындары туралы ақпаратты бірыңғай цифрлық платформа арқылы алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарын белгіленген мерзімде орналастырмауына, сондай-ақ алдағы жұмыскерлерді босату туралы мәліметтерді ұсынбауына байланысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Құқық бұзушылықтың сипаты мен қайталануына қарай ескерту жасалады, ал қайталанған жағдайда әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін.

Министрлік жұмыссыз ретінде есепте тұрған азаматтардың жұмысқа орналасуына байланысты есептен шығару тәртібіне де тоқталды.

Азамат жұмысқа орналасқан жағдайда, бұл туралы 5 жұмыс күні ішінде мансап орталығына хабарлауы қажет. Сонымен бірге, азамат мансап орталығына өздігінен хабарласпаған жағдайда да, оның жұмысқа орналасқаны туралы ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерге түскен кезде мәртебесі автоматты түрде жаңартылады.

Атап айтқанда, азаматты жұмыссыз ретінде есептен шығаруға Бірыңғай еңбек шарттарын есепке алу жүйесінде (БЕШЕАЖ) электрондық еңбек шартының тіркелуі немесе жұмыс беруші тарапынан алғашқы міндетті зейнетақы жарнасының түсуі негіз болуы мүмкін.

Осыған байланысты жұмыс берушілерге қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде белгіленген талаптарды сақтау, атап айтқанда, бос жұмыс орындарын Enbek.kz порталына уақытылы орналастыру, электрондық еңбек шарттарын тіркеу және міндетті әлеуметтік әрі зейнетақы аударымдарын уақтылы жүргізу қажеттігі ескертіледі.

Аталған талаптардың орындалуы еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етуге, бос жұмыс орындары туралы мәліметтердің өзектілігін сақтауға және азаматтардың жұмыспен қамтылу мәртебесін дұрыс есепке алуға мүмкіндік береді.https://youtu.be/Ua6a40jc1GE?si=8AW4HCjsI1gsPGP3

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/1286044?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді