Целиноград ауданында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған онкүндік басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан халқы тілдері күніне арналған онкүндік аясында 2026 жылғы 7 қыркүйекте Целиноград ауданының Ақмол ауылында «Тіл – ел тірегі: мемлекеттік тілдің ахуалы мен даму стратегиясы» атты іс-шара өтеді.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, оның қоғамдық өмірдегі рөлін арттыру, тіл саясатын жетілдіру мәселелерін талқылау және алдағы даму бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Кездесуге мемлекеттік органдардың өкілдері, депутаттар, қоғам қайраткерлері, тіл саясаты саласының мамандары, педагогтер, жастар және аудан тұрғындары қатысады.

Ашық диалог барысында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оны оқыту сапасын арттыру, жастар арасында қазақ тілін насихаттау және ұлттық бірлікті нығайтушы маңызды құндылық ретіндегі мәртебесін көтеру мәселелері қарастырылады.

Іс-шара Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай ұйымдастырылып, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының рухани мұрасына арналады.

📅 Күні: 2026 жылғы 7 қыркүйек

🕚 Уақыты: сағат 11:00

📍 Өтетін орны: Мәдениет үйі, Ақмол ауылы, Целиноград ауданы

Ұйымдастырушылар аудан тұрғындарын және тіл жанашырларын аталған іс-шараға белсенді қатысуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1286280?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді