«ДЕНІ САУ ҰРПАҚ» — САУ БАЛА, БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Отбасы күніне орай ауылымызда балалар мен жас аналардың денсаулығын нығайтуға бағытталған «Дені сау ұрпақ» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында учаскелік дәрігер Бейбіт Мейрамбекұлы балалардың денсаулық жағдайын қарап, ата-аналармен жеке кездесулер өткізді. Кездесу барысында балалардың денсаулығына қатысты қажетті ұсыныстар мен кеңестер берілді.

Сонымен қатар жас аналардың үйлеріне бару ұйымдастырылып, нәрестелердің денсаулық жағдайына бақылау жүргізілді.

Жас аналармен өткен арнайы кездесуде Маржан Жолдыбаева сәбилерге күтім жасау, дұрыс тамақтану, ана мен бала денсаулығын сақтау және бұл бағыттағы ата-аналардың жауапкершілігі жөнінде пайдалы кеңестермен бөлісті.

Мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты — ана мен бала денсаулығына деген жауапкершілікті арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және отбасыларға медициналық-профилактикалық қолдау көрсету.

Дені сау бала — бақытты отбасының негізі. Ана мен бала денсаулығына қамқорлық жасау — баршамызға ортақ міндет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shetyrkyz/press/news/details/1287583?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді