Шығыс Қазақстандық спортшы Вадим Макарцов Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қола жүлдегері атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кыргызстанның Қырчын жайлауындағы Спортық қалашықта VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында батырлар сайысы – стронгмен («Алыптар сайысы») бойынша бәсекелер аяқталды. 2–4 қыркүйек аралығында өткен тартысты сында 10 мемлекеттен келген 19 алып бақ сынасты.

Ұлттық құрама сапында Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаған Вадим Макарцов жоғары дайындық пен мұқалмас жігер танытып, қола медальды жеңіп алды. Жүлделі орындар келесідей бөлінді: 1-орын: Саджад Солтанинежад (Иран); 2-орын: Денис Вагапов (Ресей); 3-орын: Вадим Макарцов (Қазақстан).

Еске сала кетейік, 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Шығыс қазақстандық спортшының бұл жетістігі ел қоржынына түскен маңызды жүлделердің бірі болды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1287934?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді