Безгектің алдын алу айлығы жарияланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

25 сәуір – Дүниежүзілік безгекпен күрес күні. Жыл ұраны «Безгекті жоямыз: қайта инвестициялау, қайта ұғыну, жаңарту».  

Павлодар облысының СЭБД және денсаулық басқармасымен бірлесіп  25 сәуір мен 23 мамыр аралығында безгектің алдын алу айлығы жарияланды.

Айлықтың мақсаты:

– облыстың медицина қызметкерлерінің безгекке сақтығын арттыру

– облыс тұрғындарының безгектің алдын алудың жеке шаралары туралы хабардарлығын арттыру.

Безгек белгілері

  • Қалтырау, жоғары температура (40 °C дейін)
  • Қатты бас ауру, тершеңдік
  • Қайталанатын қызба ұстамасы
  • Тропикалық безгекте симптомдар тез дамиды (48 сағатқа дейін)

Нені білу керек

  • Безгек Anopheles тұқымдас аналық масаның шағуы арқылы беріледі
  • Қан құю арқылы және анадан құрсақтағы сәбиге  жұғуы мүмкін
  • Инкубациялық кезең – 7 күннен 3 жылға дейін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/984011?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді