
Бүгін Түркістан облыстық мәслихатының кәсіпкерлік, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссия төрағасының орынбасары Нұржан Әшіров төрағалық етті. Жиынға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек, тұрақты комиссия мүшелері Сүлеймен Арыстанов, Жаңабай Ағабеков, Ғабиден Қапалбаев, Талғат Қаржауов, Ербол Ералиев, Гүлшат Мәлікова, Еркебұлан Хандиллаев, Қанат Нышанов, Нұрайым Шақимергенқызы, Сайдирасұлхан Ералиев, сондай-ақ күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес облыстық басқармалардың басшылары қатысты.
Комиссия отырысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджет, жол инфрақұрылымы, құрылыс және сәулет, жергілікті мемлекеттік басқару, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бағыттарын қамтитын 8 мәселе қаралды.
Күн тәртібіне сәйкес Түркістан облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі тыңдалды. Аталған мәселе бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы К. Жаппар баяндама жасады.
Сонымен қатар, Түлкібас ауданына 2025 жылы республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген қаржының игерілу барысы қаралды. Бұл жөнінде аудан әкімінің орынбасары А.Нұрлыбай ақпарат берді.
Жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі де комиссия назарынан тыс қалмады. Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қ.Жұматаев салада атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен алдағы міндеттер туралы баяндады.
Сонымен қатар, 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу мәселесі қаралып, оны облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы К.Жаппар таныстырды.
Жиында «Түркістан облысының аумағын қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемасы туралы», сондай-ақ Түркістан облысы бойынша тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы мәселелер талқыланды. Аталған мәселелер бойынша облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қ. Асанов түсініктеме берді.
Бұдан бөлек, Түркістан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы мәселе қаралды. Бұл жөнінде облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары М. Төлепов баяндады.
Сондай-ақ «Түркістан облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы мәселе күн тәртібіне енгізіліп, тиісті талқылау жүргізілді.
Отырыс барысында депутаттар күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша баяндамашыларға сұрақтар қойып, өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Әсіресе, бюджет қаражатын тиімді игеру, инфрақұрылымдық жобаларды сапалы әрі уақтылы жүзеге асыру, құрылыс және қала құрылысы саласындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу мәселелеріне назар аударылды.
Талқылау қорытындысы бойынша тұрақты комиссия қаралған мәселелерді Түркістан облыстық мәслихатының алдағы сессиясының қарауына ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan/press/news/details/1290392?lang=ru

Жауап қалдыру