Мақатта 100 әже бір мезетте бесік жырын орындады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Отбасы күніне орай ауданның орталық стадионында «100 әже – 100 бесік жыры» атты тағылымды іс-шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ерекше жиында аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауова тұрғындарды Отбасы күнімен құттықтап, ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрді сақтау баршаға ортақ міндет екенін атап өтті.

– Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты – бесік жырының тәрбиелік мәнін насихаттап, ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпаққа жеткізу. Жүз әженің бір мезетте бесік жырын орындауы – ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі. Осындай тағылымды іс-шаралар арқылы отбасындағы әже тәрбиесінің рөлін арттырып, салт-дәстүрімізді дәріптеуді көздейміз, – деді Әсел Қаржауова.

Келелі жиында халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі мен тәлім-тәрбиесін дәріптейтін көрініс ұсынылды. Сондай-ақ ақ жаулықты әжелер немерелерін бесікке бөлеп, бір мезетте бесік жырын орындады.

Іс-шараға қатысушы әжелер, бұл ұлттық құндылықтарды насихаттап, отбасы бірлігі мен әже тәрбиесінің жас ұрпақ өміріндегі маңызын көрсеткенденін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1290543?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді