Қаратал ауданы әкімдігі жанындағы Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында 2026 жылдың 11 қыркүйек  күні сағат 11-45-де Қаратал ауданы әкімдігінің жанындағы Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясының 2026 жылғы   ІІІ тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес кезекті отырысы өткізілді.

 

Қаралған мәселелер:

Пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы

 /Аудандық пробация бөлімінің басшысы/

/Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі/

 

Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың және олар жасаған құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы

 /Аудандық полиция бөлімі/

/Аудандық білім бөлімі/

 

Бұқаралық іс-шаралар өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

/Аудандық полиция бөлімі/

 

Бос тұрған ғимараттардың иелері немесе жауапты тұлғалары нысандардың қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етуге, қоршаулардың бүтіндігін тұрақты бақылауға және анықталған ақауларды уақтылы жою туралы

/Үштөбе қаласының әкімі/

/Бастөбе ауылдық округі/

Қосымша аудандық полиция бөлімінің 1 ұсынысы қаралды:

Үштөбе қаласы, Достық шағын ауданы, Исаева көшесі, №18 мекенжайында орналасқан   Б. Римова атындағы орта мектептің маңындағы жол белгілері мен жол таңбаларының (жолақтарының) ескіріп, көріну деңгейінің төмендеуіне байланысты оларды жаңарту және қалпына келтіру қажеттілігі туралы.

 

Комиссия отырысына комиссия мүшелері, Үштөбе қаласы және  ауылдық округ әкімдері, бөлім және мекеме басшылары қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар хаттамалық шешімдерді орындау тапсырылды, онда тиісті мемлекеттік мекемелерге нақты міндеттер белгіленді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/1291870?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді