
Алматы облысының полицейлері өңір тұрғынын қаржылық шығыннан аман алып қалу үшін нағыз жедел операция жүргізді.
Бәрі қарапайым қоңыраудан басталды: белгісіз тұлғалар Temu қосымшасы арқылы тауар жеткізуді реттеп береміз деген сылтаумен SMS-пен келген құпия кодты сұрап алған.
Осыдан кейін әйелмен байланыс үзілді. Телефонға жауап бермеді, ал тіркелген мекенжайында ол тұрмайтын болып шықты. Алаяқтар бұл уақытта оны ірі көлемде несие рәсімдеуге көндіріп жатқан еді. Тәртіп сақшыларына азаматшаны алаяқтардың арбауынан құтқару үшін оның туыстары мен жақындарын тауып, іздеу жұмыстарын жедел жүргізуге тура келді.
Полиция қызметкерлерінің Алатау қаласына шұғыл сапары қалай аяқталды?
Бейнероликтен көріңіздер!
Полиция ескертеді:
Бөгде тұлғаларға SMS-кодтарды және жеке деректерді ешқашан хабарламаңыздар.
Белгісіз адамдардың нұсқауымен несие рәсімдемеңіздер.
Күмәнді жағдай туындаса, дереу 102 арнасына хабарласыңыздар.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1291989?lang=ru

Жауап қалдыру