
ҚАЛА ӘКІМІ ЖАНДОС ТАСОВ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Бүгін қала әкімі Жандос Тасовтың әкімдік ғимаратында кезекті қабылдау күні өтті. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, бұқараның тыныс-тіршілігімен етене танысып, ашық байланыс орнату – Мемлекет басшысының басты саясаты.
Осы мақсатта қалада жеке қабылдау апта сайын өткізіліп келеді.
Кезекті қабылдау барысында қала басшысы тұрғындардың мәселелерін мұқият тыңдап, егжей-тегжейлі жауап берді.
Сондай-ақ азаматтар тарапынан көтерілген барлық мәселе заң аясында шешілетінін айтып, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1292303?lang=ru

Жауап қалдыру