Ғалым өмірі — өскелең ұрпаққа үлгі: Қарақұдық кітапханасында танымдық әңгімелесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарақұдық ауылдық кітапханасында өскелең ұрпақпен қазақтың біртуар ғалымы, геология ғылымының көрнекті қайраткері Шахмардан Есеновтің өнегелі өмір жолына арналған «Жер қойнауының зергері — Шахмардан Есенов» атты танымдық әңгімелесу өтті.

Бұл кездесу барысында жас оқырмандар ғалымның еліміздің минералдық-шикізат базасын игеруге қосқан сүбелі үлесімен және геология ғылымын дамытудағы қажырлы еңбегімен танысты.

Іс-шараның мақсаты: Өскелең ұрпаққа қазақтың ғұлама ғалымы Шахмардан Есеновтің өмір жолы мен еңбектерін үлгі етіп көрсету, туған жердің табиғаты мен жер қойнауын қадірлеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу және оқырмандардың танымдық көзқарасын кеңейту.

Тәлім мен өнегеге толы бұл басқосу балалардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, еліміздің зиялы тұлғаларын тануға үлкен септігін тигізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-karakudyk/press/news/details/1292737?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді