Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАНДА ШЫМКЕНТ ПЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАРЫ БАС ҚОСТЫ
Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Жыл қорытындысы – 2026: Шымкент – Түркістан қаламдастар қауышуы» атты әдеби-мәдени кеш өтті. Кештің ашылуында Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Бақытжан Садықов сөз сөйлеп, әдебиетті дамыту мен қаламгерлер шығармашылығын қолдаудың маңызына тоқталды. Әдебиеттің дамуына және руханият саласының өркендеуіне үлес қосып жүрген бірқатар қаламгерге құрмет көрсетілді.
Басқосуда Шымкент қаласы мен Түркістан облысының ақын-жазушылары жүздесіп, өңірдегі әдеби үдеріс, шығармашылық жетістіктер және алдағы міндеттер төңірегінде ой бөлісті. Сонымен қатар Қазақстан Жазушылар одағы мен «Фараб» кітапханасының жыл көлемінде атқарған бірлескен жұмыстары қорытындыланды.
Кеш барысында Түркістан өңірінің әдеби-мәдени өмірі мен қаламгерлердің шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетіліп, әдеби-сазды композиция ұсынылды.
Бағдарлама аясында екі өңір ақындарын шығармашылық арнада тоғыстырған «Ақындар аялдамасы» атты поэтикалық батл ұйымдастырылды. Ақындар ұсынылған тақырыптарға жыр арнап, шығармашылық шеберліктерін ортаға салды. Кеш барысында белгілі қаламгерлер сөз сөйлеп, әдебиет төңірегіндегі ой-пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ көрермендер ақын-жазушыларға сауал қойып, еркін пікір алмасты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1294029?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді