
2026 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдардың, мәслихаттардың және аумақтық департаменттердің әдеп жөніндегі уәкілетті тұлғаларына арналған семинар өткізді.
Іс-шараға Ақмола облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары – әдеп жөніндегі уәкілетті Э. Қабышев қатысты.
Семинар барысында адам ресурстарын басқару, мемлекеттік органдарда лудоманияның алдын алу, сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкілетті тұлғалардың қызметіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Әділет департаментінде қызметтік әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бағытында тұрақты профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Семинарға қатысу әдеп жөніндегі уәкілетті тұлғаның кәсіби құзыреттілігі мен жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ ұжымдағы профилактикалық жұмысты жетілдіруге ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1294128?lang=ru

Жауап қалдыру