
2026 жылғы 17 қыркүйекте Жітіқара ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында М.К. Ерекеновтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Отырыста Қоғамдық кеңес мүшелері келесі мәселелерді қарады:
1. Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 348 «Жітіқара ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. «Жітіқара ауданы әкімдігінің спорт бөлімі» ММ-нің атқарып жатқан жұмысы туралы есеп;
3. «Жітіқаракоммунэнерго» КМК-ның Жітіқара ауданы әкімдігіне қарасты 2027 жылғы жылыту маусымына дайындығы туралы.
Қоғамдық кеңестің жұмысына Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы, Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен өкілдері Жітіқара ауданы әкімдігінің «Жітіқаракоммунэнерго» КМК директоры, ПИК, МИБ және КСК төрағалары мен өкілдері қатысады.
Талқылау барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға тиісті түсіндірмелер берілді, сондай-ақ алдағы жұмыс бойынша ұсыныстар ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhitikara/press/news/details/1294568?lang=ru

Жауап қалдыру