Атырауда 17 тоннадан астам балық өнімі тәркіленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері Атырау–Доссор тасжолының 601-шақырымы тұсында «Volvo» автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында жалпы салмағы 17 тонна 652 келі балық өнімдерін анықтап, тәркіледі.
 
Аталған дерек бойынша балық ресурстарын заңсыз алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
 
Тергеу мүддесіне сәйкес, өзге ақпарат жариялануға жатпайды.
 
Полиция азаматтарды табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға және заңсыз балық аулау, сақтау немесе тасымалдау фактілері туралы полицияға хабарлау керектігін ескертеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1294694?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді