
Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Кітап оқитын ұлт» жалпыұлттық кітап оқу марафоны өтуде. Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев барша оқырмандарды жобаға белсенді қатысуға шақырды.
Қатысу шарттары мен кезеңдері:
• Тіркелу: Сайысқа қатысу үшін reading-nation.kz ресми сайтына тіркелу қажет.
• Тапсырма: Өз жас санатыңызға сәйкес белгіленген 15 кітапты оқып, интеллектуалдық сайыстарда біліміңізді сынау.
• Мерзімі: Жоба 6 ай бойы өтеді.
Марапаттау және жүлде қоры:
• 2027 жылдың наурызы: Аудандық, қалалық және облыстық деңгейде 4 мыңға жуық жүлдегер анықталып, қаржылай сыйақылармен марапатталады.
• 2027 жылдың 23 сәуірі (Ұлттық кітап күні): Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша ең үздік 10 оқырман анықталып, олардың әрқайсысына 10 000 000 теңгеден табысталады.
Кітап оқып, біліміңізді шыңдап, бас жүлдеге таласыңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1294776?lang=ru

Жауап қалдыру