Аичи-Нагояда ХХ жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында ХХ жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты өтті.

Азия ойындарында құрлықтың 45 елінен 11 мыңға жуық атлет 469 медаль жиынтығын сарапқа салады. Сондай-ақ биыл алғаш рет жарыста босқындар командасы да жүлдеге талас жүргізеді.

Ашылу салтанатының спортшылар шеруінде еліміздің көк туын 15-ші болып, Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен үстел теннисінен ұлттық құраманың спортшысы Сарвиноз Миркадирова алып шықты.

Елдос Сметов – Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы, 2016 жылғы Олимпиаданың күміс және 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері.

Ал Сарвиноз Миркадирова – Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және WTT Feeder сериясындағы халықаралық турнирлердің жүлдегері.

Қазақстан ұлттық құрамасы Азия ойындарында 558 спортшымен өнер көрсетеді. Отандастарымыз жарыс бағдарламасына енгізілген 43 спорт түрінің 35-інде жүлдеге таласады.

Азия ойындарының алдында Қазақстан ұлттық құрамаларды даярлау жүйесін кезең-кезеңімен күшейтті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жаттығу үдерісіне халықаралық тәжірибесі мол, заманауи дайындық әдістемелерін меңгерген шетелдік жетекші мамандар тартылды. Бұл жұмыстар отандық жаттықтырушылар мектебін дамытуға, спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіруге және қазақстандық атлеттердің ірі халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетуіне жағдай жасауға бағытталған.

Құрлықтағы басты спорттық дода 2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1294867?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді