Атырау облысы Әділет департаменті кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау облысы Әділет департаменті кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
2026 жылғы қыркүйек айында Атырау облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқық бөлімінің қызметкерлері тауар белгілерін пайдалану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Дина» сауда орталығының кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың маңыздылығы түсіндіріліп, аталған саладағы өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, тауар белгілерін заңсыз пайдалану фактілері, қазіргі уақытта кеңінен таралған контрафактілік өнімдердің айналымы және олардың құқық иелеріне, тұтынушыларға тигізетін кері әсері жөнінде ақпарат берілді.
Сонымен қатар, мемлекет тарапынан зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында кәсіпкерлердің назарына тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгені жеткізілді.
Атырау облысы Әділет департаменті кәсіпкерлерді зияткерлік меншік құқықтарын сақтауға және тауар белгілерін заң талаптарына сәйкес пайдалануға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1295535?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді