
Семей қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Төрт күнге созылған іс-шара барысында Семей қаласының Полиция басқармасы қызметкерлері қоғамдық орындарда, тұрғын үй секторларында және жол қозғалысы бағытында профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Нәтижесінде 321 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Атап айтқанда, алкоголь өнімдерін өткізу кезінде заң талаптарын бұзудың – 1, белгіленбеген орындарда сауда жасаудың – 5, ұсақ бұзақылықтың – 10, ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың – 5 фактісі анықталды.
Сонымен қатар, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келуге қатысты 115, тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрудың 71 фактісі тіркелді.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында да тиісті жұмыстар жүргізілді. Қарсы қозғалыс жолағына шығудың – 3, жаяу жүргіншілерге жол бермеудің – 38, көлік құралын мас күйінде басқарудың – 3, сондай-ақ көлік басқару құқығынан айырылған тұлғаның көлік жүргізуінің 3 фактісінің жолы кесілді.
Жедел-профилактикалық іс-шара аясында полиция қызметкерлері профилактикалық есепте тұрған азаматтарды да тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерді. Тексеру барысында олардың белгіленген талаптарды сақтауына назар аударылып, құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Полиция қызметкерлері профилактикалық есепте тұрған азаматтармен жеке профилактикалық әңгімелер өткізіп, заң талаптарын сақтау қажеттігін түсіндірді.
«Қауіпсіз қала» іс-шарасының негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Семей қаласының полиция қызметкерлері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық және жедел жұмыстарды жалғастыруда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1295603?lang=ru

Жауап қалдыру