ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТТАТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТТАТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

 

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 10 бабы 3 тармағына сәйкес, VIІI шақырылған Талғар аудандық мәслихатының кезекті LХІІI сессиясы 2026 жылғы 30 қыркүйекте, сағат 10:00-де (тіркелу 09:30) шақырылады. Өтетін орны аудандық әкімдік ғимаратының кіші мәжіліс залы (5 қабат).

 

Күн тәртібінде:  

  1. Талғар ауданы, Панфилов ауылдық округі, Төңкеріс ауылының бас жоспарын бекіту туралы.
  2. «Талғар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген салалары бойынша атқарылған жұмыстары мен туындаған өзекті мәселелерді шешу бойынша қабылданған шаралар туралы бөлім басшысының есебі.
  3. Бесқайнар ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебі.
  4. Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебі.
  5. «Талғар ауданының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Талғар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 40-124 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. «Талғар ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Талғар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 16-65 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  7. Талғар ауданы әкімдігі жанындағы Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы.
  8. 8. Талғар ауданы әкімдігінің жанынан кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-talgar/press/news/details/1295602?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді