
Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Амангелді аудандық мәслихат төрағасы Нұрлыбек Бөгетбайұлы Әлмағамбетов Амангелді ауылы тұрғындарымен «Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйі» ғимаратының жанында кездесу өткізді. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың VІ құрылтайда айтқан «Адал азамат» бағдарламасы жайлы айтылды.
«Таза Қазақстан» акциясы,аудан бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға, қалдықтардың дұрыс жиналуы, өңделуі және қайта пайдаланылуы, ел азаматтары мен барлық сала өкілдері табиғатты қорғауға бірігіп күш салуы қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ, экология мәселелері бойынша ақпараттық науқандарды күшейту, экологиялық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес шараларын қабылдау, және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқандығы айтылды. Жастарды кітап оқуға шақырып, нашақорлық, лудомания, құмар ойындардан аулақ болу керектігі жөнінде түсіндіріп өтті.
Сайлаушылар аудандағы өзекті мәселенің бірі дәліз суы туралы айтты. Нұрлыбек Бөгетбайұлы тұрғындар тарапынан айтылған барлық ұсыныстарды бақылауға алып, тиісті жергілікті атқарушы органдарға депутаттық сауалдар жолданатынын жеткізді.
Барлық өзекті мәселелер ескеріліп, бақылауға алынады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-amangeldi/press/news/details/984751?lang=kk

Жауап қалдыру