Қазіргі заманда сыбайлас жемқорлықпен күрес — тек құқықтық міндет қана емес, сонымен қатар әрбір мемлекеттік және партия қызметкерінің жеке адамгершілік ұстанымы. Осы бағытта Баянауыл ауданында «AMANAT» партиясының аумақтық филиалдары қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті.
Семинарды Гүлнара Исенова жүргізді — Павлодар облысы бойынша «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қоры өкілдігінің басшысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ерікті. Оның мемлекеттік органдардың жергілікті деңгейде қалай жұмыс істейтінін жақсы білетін мол тәжірибесі бар.
Қатысушылар тек тыңдаушы ретінде емес, нақты ауылдық және аудандық жағдайлар негізінде құрылған кейстермен жұмыс істеді. Залдағы атмосфера ресми форматтан алшақ болды — талқылаулар шынайы, ашық сипатта өтіп, тақырып шынайы қызығушылық тудырды.
Май аудандық филиалының атқарушы хатшысы Серік Солтанов жергілікті деңгейде басымдықтарды қалай дұрыс анықтау керектігін айтып өтті. Оның айтуынша, халықпен кері байланыс — кез келген антикоррупциялық шараның негізі. «Шешімдер аудан әкімі мен жергілікті депутаттар бірлесіп қабылдауы тиіс. Сонда ғана олар халықтың нақты сұранысына сай болады», — деді ол.
Облыстық филиалдың атқарушы хатшысы м. а. Айнұра Мұхамедьярова бұл семинар көптеген қатысушылар үшін тек оқыту емес, өз жұмысына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік болғанын атап өтті. Семинардың өзегінде — тек заң ғана емес, билікке деген сенімді қалыптастыратын құндылықтар: ашықтық, әділеттілік және адалдық тұрды.
Семинарда қоғамдық мониторингтің рөліне ерекше назар аударылды. Мемлекеттік органдардың қызметін, әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын және заң талаптарының сақталуын депутаттар тарапынан тұрақты бақылау — жұмыстағы кемшіліктерді анықтауға, мәселелерге жедел әрекет етуге және басқару үдерісінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
______
В БАЯНАУЛЬСКОМ РАЙОНЕ ПРОШЁЛ ВЫЕЗДНОЙ СЕМИНАР ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ И ОБЩЕСТВЕННОГО МОНИТОРИНГА ДЛЯ СОТРУДНИКОВ ТЕРРИТОРИАЛЬНЫХ ФИЛИАЛОВ ПАРТИИ AMANAT
В современных реалиях противодействие коррупции — не только правовая задача, но и вопрос личной нравственности каждого государственного и партийного служащего. Именно под таким углом прошёл обучающий семинар для сотрудников территориальных филиалов партии «AMANAT» в Баянаульском районе.
Семинар провела Гульнара Исенова — антикоррупционный волонтёр, руководитель представительства Общественного фонда «Әділдік және Өркендеу» по Павлодарской области. За её плечами — большой практический опыт и глубокое понимание особенностей работы органов власти на местах.
Участники не просто слушали — они работали с реальными кейсами, основанными на повседневной практике в сельских округах и районах. Атмосфера в зале была далека от формальной: обсуждения носили живой и откровенный характер, тема вызвала искренний интерес.
Особое внимание привлёк пример от исполнительного секретаря Майского районного филиала Серика Солтанова, который рассказал, как определить приоритетные задачи на местах. Он подчеркнул, что обратная связь с населением — ключевой принцип, без которого любые антикоррупционные меры теряют смысл. «В идеале — решения должны приниматься на уровне акима района совместно с депутатами. Только тогда они будут отражать реальные запросы людей», — отметил он.
Как отметила и.о. исполнительного секретаря областного филиала Айнура Мухамедьярова, этот семинар стал для многих не просто обучением, а возможностью заново взглянуть на свою работу. В фокусе — не только закон, но и ценности, на которых строится доверие к власти: открытость, справедливость, честность.
Отдельный акцент был сделан на роли общественного мониторинга. Именно активное участие общества, гражданских активистов и народных избранников в мониторинге деятельности госорганов, реализации социальных программ и соблюдении законности на местах позволяет выявлять узкие места в работе, оперативно реагировать на проблемы и укреплять прозрачность управления.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-obl/press/news/details/984749?lang=kk

Жауап қалдыру