Дүниежүзілік тазалық күніне орай сенбілік

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Степняк қаласында Дүниежүзілік тазалық күніне орай сенбілік өтті.
Бүгін, 19 қыркүйек күні, Степняк қаласында қаланы абаттандыру және тазалықты сақтау мақсатында жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылды.
Экологиялық акция аясында қоқыстарды жинау, шөп шабу және қоғамдық аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қаланы көгалдандыруға және қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. 🌱
Сенбілікке мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері, қала тұрғындары және қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарамайтын азаматтар қатысты.
Осындай игі бастамалар қаламыздың таза әрі көрікті болуына ықпал етіп қана қоймай, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырады.
🤝 Қаланың тазалығы – әрқайсымыздан басталады! Бірге Степнякты таза әрі көрікті қалаға айналдырайық!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-birzhan-sal-stepnyak/press/news/details/1295811?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді