🛡️ ЕСКЕЛДІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ Р.ҚОШҚАРБАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕ ОҚУШЫЛАРҒА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026–2027 оқу жылының басталуына орай Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебінің оқушыларына мектептегі қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулық өткізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға мектеп ғимаратында және оның аумағында өзін-өзі ұстау тәртібі, дәліздер мен баспалдақтарда қауіпсіздік сақтау, өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекет ережелері түсіндірілді.

Сонымен қатар электр құралдарын қауіпсіз пайдалану, дене шынықтыру және практикалық сабақтар кезіндегі қауіпсіздік талаптары, жолда және мектеп аумағында қауіпсіз жүріп-тұру, сондай-ақ бейтаныс немесе қауіпті заттарды байқап қалған жағдайда әрекет ету тәртібі айтылды.

👩‍🏫 Оқушыларға қауіпсіздік талаптарын сақтау, мұғалімдер мен мектеп қызметкерлерінің нұсқауларын орындау және кез келген қауіпті жағдай туралы дер кезінде хабарлау қажеттігі ескертілді.

✨ Қауіпсіздік ережелерін білу – өзіңді және өзгелерді қорғаудың маңызды қадамы!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/1298310?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді