Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған құқықтық ағарту іс-шарасы өткізілді. Іс-шара «Еркіндік рухы» Жастар құқықтары жөніндегі комиссиясымен бірлесіп ұйымдастырылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған құқықтық ағарту іс-шарасы өткізілді. Іс-шара «Еркіндік рухы» Жастар құқықтары жөніндегі комиссиясымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Іс-шараға Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының, Алматы қаласы Полиция департаментінің және Алматы қаласы прокуратурасының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында жастардың құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігі, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды. Кибералаяқтық, дропперлік, есірткі құралдарының заңсыз айналымы, кибербуллинг, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жастарды құқыққа қайшы әрекеттерге тарту тәуекелдеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар студенттерге бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау тетіктері, мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі және құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу шаралары түсіндірілді.
Іс-шара соңында сұрақ-жауап сессиясы өтіп, студенттер мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдерінен өздерін қызықтырған құқықтық мәселелер бойынша практикалық түсініктемелер алды.
Іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, цифрлық ортадағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-almaty/press/news/details/1298871?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді