Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша семинар өткізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 16 қыркүйекте Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Болат жол» ЖШС №2 асханасының қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының нормаларын түсіндіру және «Азық-түлік қауіпсіздігі» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты – санитариялық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету, қауіпті факторлардың алдын алу және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды түсіндіру, сондай-ақ тамақтан уланудың алдын алу, азық-түлік қауіпсіздігінің маңыздылығы, тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне назар аудару. Семинар барысында қолданыстағы заңнамалық талаптардың негізгі бағыттары түсіндіріліп, өндірістік бақылауды дұрыс ұйымдастырудың, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, сондай-ақ тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаудың маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді. Іс-шара соңында қатысушыларға санитариялық талаптар мен азық-түлік қауіпсіздігі бойынша жадынамалар мен буклеттер таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1298923?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді