
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ
Бүгін Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және әлеуметтік қорғау мәселелеріне арналған семинар-практикум өтті.
Семинар-практикумның негізгі мақсаты – кәсіподақ ұйымдарының өкілдеріне еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіру, еңбек құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігін сақтау және әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету бағытында қажетті ақпарат беру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/1298913?lang=ru

Жауап қалдыру