2025 жылы 21 сәуір күні Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен экофестиваль өтті. Іс-шара аясында инновациялық экологиялық жобалар мен стартаптарды көрсету үшін көрме және интерактивті аймақтар ұйымдастырылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» экофестивалінің көрме аймағында келесі жобалар ұсынылды:
– Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша 10 қазақстандық компания ұсынған инновациялық жобалар;
– ERG, ТШО, КПО, Kazakhmys сияқты ірі өндірістік компаниялардың экологиялық бастамалары;
– Жасыл технологиялар және инновациялық жобалар жөніндегі халықаралық орталықтың қолдауымен ұсынылған экостартаптар;
– Оқушылардың экологиялық жобалары.
Көрме 23 сәуір күні сағат 15:00-ге дейін барша келушілерге ашық болады.
Экофестивальдің бас демеушісі — «Bank RBK» АҚ.
«Мұндай ауқымды әрі маңызды іс-шараның бір бөлігі болу — Bank RBK үшін үлкен құрмет. Бұл тек экологиялық бастамаларды көрсету алаңы ғана емес, сонымен қатар жаңа ойлау мен болашақ үшін ортақ жауапкершіліктің символы», — деп атап өтті Bank RBK Басқарма Төрайымы Наталья Акентьева.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cerc/press/news/details/983032?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді