Алматы қаласынан арнайы келген “ASSYLTAS” қоғамдық қоры өңірге 14 000 кітап сыйға тартты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қор өкілдерін Жанама ауылдық округінің әкімі мен аппарат қызметкерлері, сондай-ақ Зейнеп Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері салтанатты түрде қарсы алды. Келушілерге “Зейнеп” әжелер ансамблі өнер көрсетіп, шараға ұлттық реңк берді.

Мәдениет үйінің директоры Смағұлов Отан Жұмабекұлы бұл игі бастаманың ауыл мәдениеті мен білімінің дамуына қосар үлесін ерекше атап өтті.

ASSYLTAS қорының мәлімдеуінше, кітаптар облыстың барлық ауылдық кітапханаларына жеткізіліп, көпшілік оқырманға қолжетімді болады. Ұйым өкілдері бұл жобаның жалғасын тауып, өзге облыстарда да жүзеге асады деген сенімде.

Кітап – халықтың рухани байлығы. Біз білімге құштар жастарға мүмкіндік туғанына қуаныштымыз.

Айта кетейік, бұл – ASSYLTAS қоры жүзеге асырып жатқан білім мен мәдениетті қолдау бағытындағы бірнеше жобаның бірі ғана.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/983033?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді