Атырау облысында «Әдеп жөніндегі уәкіл мектебі» өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Атырау облысы бойынша  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалымен бірлесіп, мемлекеттік органдар мен әдеп жөніндегі уәкілдердің өкілдерін біріктіретін «Әдеп жөніндегі уәкіл мектебі» форматында білім беру іс-шарасын ұйымдастырды.

Бұл оқытудың мақсаты – коммуникативтік құзыреттіліктерді дамыту, тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру, арандатушылықтарды тану әдістеріне оқыту, сондай-ақ блогерлермен сындарлы қарым-қатынас стратегияларын қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің беделін қорғауды қамтамасыз ету.

Іс-шараның негізгі тақырыбы жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызметте адал мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру жүйесіндегі әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі болды.

Спикерлер ретінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілі Аяжан Мәдібекова, облыстық Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Нұрлан Еркебаев, Атырау облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Фарида Ахметова сөз сөйледі.

Іс-шара барысында спикерлер әдеп жөніндегі уәкілдердің жемқорлықтың алдын алуға белсенді қатысуының маңыздылығына назар аударды, мемлекеттік қызметшілер арасындағы жемқорлықтың алдын алудағы әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметіндегі проблемалар мен оларды шешу жолдарын, әдеп мәдениетінің деңгейін үнемі арттыру қажеттігін атап өтті, сондай-ақ: жемқорлық көріністеріне төзбейтін ортаны қалыптастыру құралдарын, этикалық тәуекелдер, шағымдарды қарау рәсімдері, мүдделер қақтығысын шешу.

Әдеп жөніндегі уәкіл мектебі – бұл жай ғана оқыту емес, әдеп жөніндегі уәкілдерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың нақты құралы болуға көмектесетін шешімдерді бірлесіп іздеу. Біз үшін әдеп жөніндегі уәкілдер формалды орындаушылар емес, күнделікті тәжірибеге этикалық қағидаттарын енгізудің жолсеріктері болуы маңызды, – деп атап өтті департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин.

Іс-шараның қорытындысы жергілікті жерлерде әдеп жөніндегі уәкілдер институтын дамыту үшін әдістемелік материалдар дайындау туралы ұсыныс болды.

 

 

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-atyrau/press/news/details/983034?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді