
Қазақстан Республикасы Павлодар облысының
аумағындағы саяси партиялардың
филиалдары мен қоғамдық бірлестіктеріне
ХАБАРЛАНДЫРУ
Баянауыл аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 19 бабының 6 тармағының 2 бөлігінің 2) тармақшасына және 10 – бабының 3 – тармағына сәйкес Баянауыл ауданының №1 , №2, №3, №4, №5, №6, №7, №8, №10, №11, №173, №182, №184, №195, №196, №198, №199, №204, №211 учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан шығарылған мүшелерінің орнына үміткерлерді ұсынуларыңызды сұрайды.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан шығарылған мүшелерінің орнына үміткерлерді өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 11 қазанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын үміткер «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Ұсыныстар 2026 жылғы 26 қыркүйектен бастап 2026 жылғы 10 қазан аралығында аудандық мәслихатқа жіберіледі.
Мәслихаттың орналасқан жері: 140300, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Қ. Сәтбаев көшесі, 49 үй.
Қызметтік телефондары: 8(718-40) 9-28-34, 9-28-35, 9-28-36, электрондық пошта мекенжайы: maslixat_bayan@mail.ru.
Баянауыл аудандық мәслихаты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-bayanaul/press/news/details/1299277?lang=ru

Жауап қалдыру