
Өңірдегі медициналық нысандар жаңғыртылуда
Қазіргі таңда Жамбыл облысында 383 денсаулық сақтау нысаны халыққа медициналық қызмет көрсетеді. Оның ішінде 26 аурухана, 139 амбулаториялық-емханалық ұйым, 59 фельдшерлік-акушерлік пункт және 146 медициналық пункт бар.
2026 жылы денсаулық сақтау нысандарының инфрақұрылымын дамытуға 5,1 млрд теңге бағытталып, 3 нысанның құрылысы жүргізілуде.
Талас ауданында жапсаржайы бар 200 төсектік орталық аудандық аурухананың құрылысына 2,55 млрд теңге қарастырылып, жұмыс 95 пайызға орындалды. Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының гараж құрылысы 100 пайыз аяқталды.
Шу қалалық ауруханасының қабылдау бөлімінің кіреберісін салу жұмыстары 45 пайызға орындалды. Жобаға 2,52 млрд теңге қарастырылған.
Бұл жобалар медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтып, тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің жағдайын жақсартуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1299853?lang=kk

Жауап қалдыру