Шымкентте қоғамдық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Оның барысында қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты төрт мәселе қаралды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2024–2028 жылдарға арналған Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестік негізінде қамтамасыз ету тұжырымдамасының орындалу барысы, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігі мен жол инфрақұрылымы, сондай-ақ көші-қон саласындағы ахуал талқыланды.

Қаладағы криминогендік жағдай тұрақты және бақылауда.
Сегіз ай қорытындысымен жалпы қылмыс деңгейі 6%-ға төмендеді. Ұрлық, тонау, интернет-алаяқтық және қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны азайды.

Жол-көлік оқиғаларынан қаза болғандар саны 16,7%-ға төмендеді.

Отырыс нәтижесімен жауапты мемлекеттік органдарға қаладағы қоғамдық және жол қауіпсіздігін күшейтуге қатысты мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Негізгі мақсат — құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың салдарымен күресу емес, себептерін болдырмау және қала тұрғындарының қауіпсіздігін арттыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1300812?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді