
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Айдос Асабаев 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына әлеуметтік нысандардың дайындық барысын тексеріп, бірқатар нысандарды аралады.
Аралау барысында білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларына қарасты нысандардың жылыту маусымына әзірлігіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, қазандықтардың техникалық жағдайы, жылу жүйелерінің дайындығы, жылыту құралдарының жұмысқа жарамдылығы және отын қорының жеткіліктілігі тексерілді.
Сонымен қатар, нысандардағы анықталған кемшіліктерді жою, жылыту жүйелерін сынақтан өткізу және қажетті дайындық жұмыстарын уақытылы аяқтау мәселелері қаралды.
Айдос Құттыбайұлы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын белгіленген мерзімде сапалы аяқтауды, әлеуметтік нысандардың үздіксіз әрі тұрақты жылумен қамтамасыз етілуін бақылауда ұстауды тапсырды.
Жылыту маусымын қауіпсіз әрі тұрақты өткізу мақсатында тиісті жұмыстар жалғасын табады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy/press/news/details/1301276?lang=ru

Жауап қалдыру