
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу — әркімнің жауапкершілігі
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу — адал және жауапты қоғам қалыптастырудың маңызды бағыттарының бірі.
Әрбір мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауға, қызметтік жағдайын жеке мақсатта пайдаланбауға, мүдделер қақтығысына жол бермеуге және туындаған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы уақтылы хабарлауға міндетті.
Қызметтік міндеттерді орындау кезінде заңдылық, ашықтық, парасаттылық және жеке жауапкершілік қағидаттарының маңызы зор.
Егер сіз сыбайлас жемқорлық көрінісіне тап болсаңыз, бейжай қалмаңыз. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 1424 нөміріне, сондай-ақ «E-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы хабарлауға болады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрқайсымыздан басталады. Заң талаптарын сақтау және өз міндеттерін адал орындау — азаматтардың сенімінің негізі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-birlik/press/news/details/1301719?lang=ru

Жауап қалдыру