
Кездесу барысында қаламгердің әдебиет пен публицистикадағы шығармашылық жолы, өзіндік қолтаңбасы мен қоғамға қосқан үлесі сөз болды. Автордың көркем шығармалары мен публицистикалық еңбектері таныстырылып, оқырмандармен пікір алмасу ұйымдастырылды.
Шара аясында «Қаламгердің қалам ізі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, Бигелді Ғабдуллиннің шығармалары көпшілік назарына ұсынылды.
Шараға зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер, тіл, мәдениет және білім саласының мамандары, сондай-ақ оқырман жастар қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-arhiv/press/news/details/1302223?lang=ru

Жауап қалдыру