ҚАЗАҚСТАНДА КОХЛЕАРЛЫҚ ИМПЛАНТЫ БАР БАЛАЛАРДЫ ҮЗДІКСІЗ ОҢАЛТУДЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ ЕНГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

ҚАЗАҚСТАНДА КОХЛЕАРЛЫҚ ИМПЛАНТЫ БАР БАЛАЛАРДЫ ҮЗДІКСІЗ ОҢАЛТУДЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ ЕНГІЗІЛУДЕ

Қазақстанда кохлеарлық импланты бар балалардың есту және сөйлеу қабілетін үздіксіз оңалтудың жаңа моделі енгізіліп жатыр. Бағдарламада қашықтан оңалту үшін цифрлық технологиялар қолданылады. Мультидисциплинарлық топ баланы сүйемелдеп, оның даму барысын тұрақты бақылап отырады. Негізгі мақсат – жекелеген қысқа мерзімді курстармен шектелмей, баланы жыл бойы үздіксіз сүйемелдеу. Бұл ретте оның жеке қажеттіліктері мен даму қарқыны ескеріледі. Әлемде 430 миллионнан астам адамның есту қабілеті мүгедектікке әкелетін дәрежеде бұзылған. Олардың 34 миллионы – балалар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамынша, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 700 миллионға жетуі мүмкін. Қазақстанда жыл сайын кохлеарлық имплантацияға байланысты 200-ден астам операция жасалады. 2007 жылдан бері екі мыңнан астам адам осындай операциядан өткен. Қазақстанның географиялық ерекшеліктері мен бейінді мамандардың негізінен ірі қалаларда шоғырлануы оңалтуды осылай ұйымдастыруды қажет етеді. Шалғай өңірлерде тұратын балалардың оңалту сабақтарына тұрақты барып қатысу мүмкіндігі бола бермейді. Жаңа модельде қашықтан сүйемелдеу мен мамандарға барып оңалтудан өту ұштастырылады. Бұл аталған кедергілерді азайтуға көмектеседі. Бағдарламаға қабылданған әр балаға жеке оңалту маршруты әзірленеді. Алдымен куратор өтінімді тіркеп, баланың бағдарламаға қатысу талаптарына сай келетінін тексереді. Одан кейін отбасының интернетке қолжетімділігі мен қажетті құрылғыларының бар-жоғы анықталып, қашықтан өтетін сабақтарға қатысу мүмкіндігі бағаланады. Әлеуметтік педагог баланың білім алу бағытын нақтылайды. Сурдопедагог, логопед пен психолог баланың жағдайын бастапқыда кешенді бағалайды. Қажет болса, оларға дефектолог пен емдік дене шынықтыру маманы қосылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1302572?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді