ҚАРИЯЛАРҒА КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
 
✅ 1 қазан – Қарттар күніне орай Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында тағылымды кездесу өтті.
 
✅ Іс-шара барысында аталған орталықта қызмет алатын Төлеби ауданының 22 қарт азаматына және ерекше қажеттіліктері бар жандарға мерекеге орай демеушілер тарапынан арнайы сыйлықтар табысталды.
 
✅ Ізгілік пен құрметке негізделген шара қазыналы қарттарға қуаныш сыйлап қана қоймай, жас ұрпаққа үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан асыл қасиеті екенін тағы бір мәрте көрсетті.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1302688?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді