ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Әуезов ауданындағы «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет орталығында Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Мерекелік бағдарламада Қазақстан Республикасының мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі, «Салд Саунд» фольклорлық ансамблі және қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетті.

Шара барысында аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіліп, өнерпаздар әсем ән мен биден шашу шашып, ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Үлкенге құрмет көрсету – халқымыздың асыл дәстүрі. Қарияларымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыларына амандық тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1303258?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді