«Қарттар – біздің қазынамыз»: Сарыарқа ауданында зейнеткерлердің қатысуымен флешмоб өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Есіл өзенінің жағалауындағы «Арбат» алаңында Сарыарқа ауданының белсенді зейнеткерлерінің қатысуымен «Қарттар – біздің қазынамыз» атты флешмоб өтті.

Флешмобтан кейін Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының концерттік бағдарламасы жалғасты. Көрермендер алдында би және вокалдық ұжымдар, «Әгугай» этно-фольклорлық ансамблі, «Ветеран» халықтық хоры, «Богатицы» ән ансамблі және басқа да шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.

Бағдарлама барысында әртүрлі тілдердегі әндер, терме, музыкалық және би композициялары орындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1305170?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді