МЕЙІРІМ МЕН БІЛІМНІҢ БИІК ШЫҢЫ – ҰСТАЗ!

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
5 қазан – Ұстаздар күніне орай Жанкент ауылдық мәдениет Үйінің ұйымдастыруымен «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының «Жанұя шуағы» жобасы аясында ауыл ұстаздарына арналған «Мұғалім – мектептің жүрегі» атты мерекелік концерттік кеш жоғары деңгейде өтті. 💐
✨ Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, жүрегіне ізгілік пен адамгершілік ұрығын себетін, ел болашағын қалыптастыратын ұлы тұлға.
🎤 Мерекелік кешті Әсен Нұрдаулет жүргізіп, ұстаздарға арналған жүрекжарды тілектер мен жылы лебіздерге ұластырды.
🌟 Кештің шымылдығын Өркендеу ауылдық округінің әкімі Қуанғали Қожахмет ашып, барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар ұстаздарды марапаттады.
🎶 Кеш барысында өнерпаздар ұстаздарға арнап ән мен жырдан шашу шашты.
🎵 Кәсіпорын басшысы Рсалы Болатбек – «Ұстазым» әнін,
🎤 ауылымыздың әнші ұстазы Бигелдинова Гүлнұр – «Ұстаздарым» әнін,
🌸 кәсіпорын өнерпазы Жеткербаева Айткүл – «Аппағым» әнін,
🎶 Алиев Ануар – «Ұстазым» әнін орындап, мерекелік кештің сәнін келтірді.
🎼 Ал күмбірлеген күй мен әсем әуенге ұласқан ерекше музыкалық тарту – №104 орта мектебі оқушыларының «Ұстаздардың ұстазы – Ыбырай ата» хоры көрермен көңілінен ерекше орын алды. 👏
💐 Ұстазға деген құрмет – білімге, болашаққа деген құрмет!
Барша ұстаздарға қажымас қайрат, шығармашылық шабыт, мықты денсаулық және шәкірттерінің биік жетістіктерін көру бақыты тілейміз!
Ұстаз еңбегі – ұлт болашағының берік іргетасы! ❤️📚

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-orkendeu/press/news/details/1306471?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді