Автор: admin
-

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «TAZA QAZAQSTAN» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БІР КҮНДЕ 20 МЫҢ АҒАШ ЕГІЛДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Түркістан облысында экологиялық акция ұйымдастырылды. Аталған шара Түлкібас ауданындағы «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығының 100 жылдығына орай қорық аумағында өтіп, «Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы аясында Қазақстан Республикасы Президентімен телекөпір байланысы орнатылды. Табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында өткен акцияға қатысушылар арнайы орнатылған LED экран алдына…
-

«Абайтану» республикалық олимпиадасының қорытындысы
Алматы қаласындағы «Абай ұлттық мектебінде» 2026 жылғы 21-24 сәуір аралығында 9-11 қазақ сыныптарының оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті бойынша «Абайтану» VІІІ Республикалық олимпиадасы өтті. Оған Қазақстанның барлық өңірінен 112-дан астам қатысушы бар қатысты. Олимпиаданың мақсаты – Абай мұраларын насихаттау арқылы оқушылардың Абай шығармаларын түсіну, пайымдау деңгейін дамыту, Абайдың білім, ғылымды игеру қағидаттары, ар ілімі, толық адам ілімін терең зерделеуге баулу. Олимпиада…
-

Жаңасемей ауданының әкімі Нұржан Оразбекұлы Достық және Ертіс ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барып, жергілікті тұрғындармен есеп беру кездесулерін өткізді
Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жаңғырту, жолдарды жөндеу, ауызсу, электр жарығы, абаттандыру және санитарлық тазалық бағытында атқарылған жұмыстар жан-жақты баяндалды. Сонымен қатар, алдағы кезеңге жоспарланған жобалар мен бастамалар да таныстырылды. Тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелердің қатарында жол сапасы, көше жарығы, интернет желісі, медициналық қызметтің қолжетімділігі және ауылішілік инфрақұрылымды дамыту мәселелері болды. Аудан әкімі әрбір…
-

Благовещенка ауылдық округінде «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық науқаны аясында сенбілік өтті
Іс-шараға аумақты тазалау, қоғамдық орындарды жақсарту және айналадағы аумақтарды ретке келтіру кірді. Іс-шараға мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары және ұйымдардың өкілдері қатысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zhambyl-blagoveshenka/press/news/details/1208870?lang=kk
-

Ақтөбе өңірі республикалық ағаш отырғызу акциясына қолдау білдірді
Ақтөбе өңірі республикалық ағаш отырғызу акциясына қолдау білдірді Облыс бойынша 21 мыңнан аса адам «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы республикалық ағаш отырғызу акциясына белсенді қатысты.Ақтөбе қаласындағы «Триатлон» саябағында ұйымдастырылған ауқымды іс-шара 800-ден астам адамның басын біріктірді. Олардың ішінде еңбек ардагерлерлері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, облыстық және қалалық қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың қызметшілері, жастар…
-

“Таза Қазақстан” науқаны
2026 жылғы 25 сәуірде ауылдық округ әкімі “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырды жәнеағаш көшеттерін отырғызу жумыстары жүргізілді Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-esil-nikolayev/press/news/details/1208872?lang=kk
-

Акция барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, екі жыл бұрын тағылымы мол, мән-мазмұны айрықша «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы басталғанын айтты
– Халқымыз ежелден «тазалық» ұғымына ерекше мән берген. Жұртымыз «таза» сөзін кең мағынада қолданады. Мысалы, арлы, ниеті түзу, адал адам туралы айтқан кезде «ары таза, ойы таза, жүрегі таза» адам деп сипаттаған. Бабаларымыз әрдайым табиғатпен етене байланыста өмір сүрген, қоршаған ортаны қорғау қастерлі міндет деп санаған. «Обал болады» деп, жас ұрпақты табиғатқа ешқандай…
-

Астанада мемлекет басшыларының қатысуымен экологиялық саммит өтуде (22.04.2026)
Астанада Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Грузия, Тәжікстан және Моңғолия мемлекеттері басшыларының, сондай-ақ Әзербайжан Премьер-министрінің қатысуымен Өңірлік экологиялық саммит – 2026 басталды. Іс-шара өңірдің негізгі климаттық және экологиялық мәселелерін шешу бойынша келісілген тәсілдерді әзірлеуге арналған алаңға айналады. Негізгі назар климаттық трансформацияға, табиғи қауіптерге бейімделуге, азық-түлік қауіпсіздігіне, экожүйелерді сақтауға, ресурстарды ұтымды басқаруға және «жасыл» экономиканы дамытуға…
-

🌿 «Таза Қазақстан»: облыста 70 мыңнан астам ағаш отырғызылды
Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен республика көлемінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Облыста іс-шара аясында 70 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов заманауи экопарк құрылысы жүргізіліп жатқан Пестрое көлінде ағаш отырғызу жұмыстарына қатысты. Жалпы, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы екі жыл ішінде тазалықты сақтау, елді мекендерді абаттандыру және қоршаған ортаға…
-

Абай облысының мәслихаты сенбілікке қатысты
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өңірде кезекті сенбілік өтті. Тазалық жұмыстарына Абай облысы мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков, депутаттар және мәслихат аппараты қатысты. Сенбілік Семей қаласындағы Сеченов көшесінің бойында ұйымдастырылды. Аумақ тазартылып, ретке келтірілді. «Таза Қазақстан» бастамасы өңірде тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін нығайтып,…
-

«Baqytty bala – 2026»: вокал өнерінің жас жұлдыздары анықталды
2026 жылғы 24 сәуірде М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Жаңа жұлдыз» жобасы аясында облыстық вокал өнері байқауы – «Baqytty bala – 2026» өтті. Байқауға Павлодар облысының білім беру ұйымдарынан 10–13 және 14–17 жас аралығындағы вокалдық ансамбльдер қатысты. Қатысушылар бір конкурстық шығарманы орындап, вокалдық шеберліктерін, сахналық мәдениетін және көркемдік қабілеттерін көрсетті. Өнерпаздар вокалдық шеберлік, артистизм, репертуардың…
-

Озерки және Талица ауылдарында аудан әкімі Нұржан Оразбекұлының қатысуымен кезекті есеп беру кездесуі өтті
Кездесу барысында аудан көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған жобалар таныстырылып, әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы негізгі міндеттер айқындалды. Жиын барысында ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтеріліп, ұсыныс-пікірлер айтылды. Әсіресе, инфрақұрылымды дамыту, жол жөндеу, абаттандыру, әлеуметтік қолдау және ауыл шаруашылығына қатысты сұрақтар кеңінен талқыланды. Әрбір көтерілген мәселе назарға алынып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.…
-

Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Г. Рахымжанова «Заң мен тәртіп» қағидатын түсіндіру және ілгерілету, сондай-ақ құқықтық кабинеттердің қызметін жандандыру жөніндегі жұмыс аясында Ақтүбек, Байдалы би ауылдық округтерінде болды.
2026 жылғы 24 сәуірде Ұлытау облысы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Г. Рахымжанова «Заң мен тәртіп» қағидатын түсіндіру және ілгерілету, сондай-ақ құқықтық кабинеттердің қызметін жандандыру жөніндегі жұмыс аясында Ақтүбек, Байдалы би ауылдық округтерінде болды.Сапар барысында ол жергілікті әкімдіктерде орналасқан «Құқықтық кабинеттердің» қызметімен танысты. Сонымен қатар, «Әділет» және «Заң» құқықтық…
-

Депутаттар қаланың саябақтары мен қоғамдық кеңістіктерді аралады (22.04.2026)
Алдағы құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысына дайындық аясында мәслихат депутаттары қаладағы бірқатар саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерді аралап шықты. Іссапардың негізгі мақсаты – абаттандыру мәселелерін жергілікті жерде талқылау, оның ішінде көгалдандыру, жасыл желектерге дұрыс күтім жасау, сондай-ақ суару жүйелерінің жай-күйі мен тиімділігіне назар аудару болды. Әрбір нысанда жасыл желектердің…
-

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев экобелсенділермен бірге елорданың «Самал» саябағында ағаш отырғызды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shalkar/press/news/details/1208884?lang=kk
