Автор: admin
-

ШҚО-да кәсіпкерлікті дамытуға арналған «ALTAY BUSINESS» форумы өтеді
15 сәуірде Өскеменде шағын және орта бизнесті дамыту мәселесін талқылау мақсатында кәсіпкерлер, бизнес өкілдері, сарапшылар мен мемлекеттік құрылым өкілдерінің қатысуымен «Altay Business» форумы ұйымдастырылады. Форум бизнес пен мемлекет арасындағы ашық диалог алаңына айналып, тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар мен кәсіпкерлер өз жұмысында бірден қолдана алатын практикалық құралдарды талқылауға мүмкіндік береді. Іс-шараның негізгі мақсаты – табысты кейстерді…
-

Әуезов ауданында “Таза Қазақстан” эко-акциясы аясында ауқымды аудандық сенбілік ұйымдастырылды
Әуезов ауданында “Таза Қазақстан” эко-акциясы аясында ауқымды аудандық сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік жұмыстары екі негізгі локацияда ұйымдастырылды: Үлкен Алматы өзені жағалауы Жетісу-2 шағын ауданында. …
-

Таза Қазақстан
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысы аясында басқарманың және жұмылдыру дайындығын, аумақтық және азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметінің қызметкерлері санитарлық тазалау Батыс айналма жолынан Полигонға дейінгі тас жол бойында санитарлық тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mpz/press/news/details/1199037?lang=kk
-

Шығыс Қазақстан облысы орталығында Құрмат Рахимовты соңғы сапарға шығарып салды
Бүгін өңір тұрғындары соғыс және еңбек ардагері Құрмат Рахимұлы Рахимовты соңғы сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсіміне ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. – Ұзақ әрі өнегелі ғұмыр кешкен Құрмат Рахимұлы Рахимов ғасыр куәгері атанды. 102 жасқа толуына небәрі екі ай ғана қалған болатын. Оның өмірі — майдан даласынан бейбіт күндегі қоғамдық қызметке дейінгі нағыз офицер мен…
-

АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ӘРЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Түркістан қаласында қала келбетін жақсарту, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында абаттандыру және әрлеу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, көшелер мен қоғамдық орындар ретке келтіріліп, жаяу жүргіншілер жолдары жөнделуде, жаңа жасыл желектер отырғызылып, демалыс аймақтары жаңартылуда. Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері әрленіп, заманауи талаптарға сай жаңғыртылуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1199040?lang=kk
-

Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев “Таза Қазақстан” акциясы аясында, аудан орталығында орналасқан бірқатар нысандарды аралап, олардың қазіргі жағдайымен танысты.
Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев “Таза Қазақстан” акциясы аясында, аудан орталығында орналасқан бірқатар нысандарды аралап, олардың қазіргі жағдайымен танысты. Аралау барысында әкімшілік ғимараттар, әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдық объектілердің жай-күйі тексерілді. Аудан басшысы әрбір нысанның жұмыс барысын қарап, қызмет көрсету сапасына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар беріліп, анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою…
-

«Таза Қазақстан»: Ақтауда «Таза қала» экологиялық іс-шарасы өтті
«Таза Қазақстан»: Ақтауда «Таза қала» экологиялық іс-шарасы өтті 11 сәуір күні Ақтау қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Іс-шара Каспий теңізі жағалауында «Самал-1» шағынауданынан бастап 15-шағынаудан амфитеатр алаңына дейінгі аралықта өтті. Сенбілікке қала тұрғындары, еріктілер, кәсіпкерлер, мұнай компанияларының өкілдері және банк қызметкерлері қатысты. Теңіз жағалауымен қатар,…
-

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ӘЗІРЛЕНГЕН «ТҮРКІСТАН САҚШЫЛАРЫ» МУЛЬТФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Түркістан қаласында өскелең ұрпаққа арналған жаңа ұлттық анимациялық жоба – «Түркістан сақшылары» мультфильмінің тұсаукесері өтті. Жоба балалардың тәрбиесіне, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және заманауи технологияларды тиімді пайдалануға бағытталған. Аталған шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыс прокурорының орынбасары Даулет Тлемисов, сондай-ақ жоба авторлары, продюсері мен режиссері қатысып, мультфильмнің идеясы…
-

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ
Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліповтің төрағалығымен жасөспірімдер арасындағы қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар бойынша жиын өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, тиісті бөлім басшылары, сондай-ақ прокуратура және полиция қызметкерлері қатысты. Күн тәртібінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бағытындағы жұмыстардың жай-күйі қаралды. Жиын барысында жауапты сала…
-

ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАП, ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТЫҢДАДЫ
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді. Қабылдауға алдын ала жазылған 10 азамат қатысып, жалпы 18 мәселе бойынша өздерін толғандырған әлеуметтік, тұрғын үй, инфрақұрылым, кәсіпкерлік және құқықтық сипаттағы сұрақтарын көтерді. Жеке қабылдау барысында тұрғындар негізінен тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек алу, жер қатынастары, инженерлік инфрақұрылым мәселелері, сондай-ақ кәсіпкерлік…
-

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді ертең, 11 сәуір күні өтетін футбол матчына шақырамыз. Аталған кездесуде «Қайсар» командасы «Атырау» клубымен шеберлік байқасады. Ойын сағат 15:00-де «Түркістан Арена» стадионында басталады. Жанкүйерлер үшін арнайы автобустар ұйымдастырылады. Тартысты ойынның куәсі болып, сүйікті командаңызға қолдау көрсетуге шақырамыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1199046?lang=kk
-

Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев пен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиевтің қатысуымен Мылқау ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев пен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиевтің қатысуымен Мылқау ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.Іс-шара барысында ауыл аумағын тазарту, абаттандыру және санитарлық жағдайын жақсарту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілді. Қатысушылар қоршаған ортаны қоқыстан тазалап, қоғамдық орындарды ретке келтірді.Сенбілікке аудан жастары, еріктілер, мекеме қызметкерлері және ауыл…
-

ТҮРКІСТАНҒА ТЕҢІЗ ЖАЯУ ӘСКЕРЛЕРІ КЕЛДІ
Түркістан қаласының теміржол вокзалында мерзімді әскери қызметін өтеп, запасқа шығарылған әскери қызметшілерді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Үйлеріне Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің теңіз жаяу әскерлерінің жалғыз бригадасында қызмет өткерген 44 сарбаз оралды. Салтанатты іс-шараға әскери басқару органдарының өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ запастағы әскери қызметшілердің туған-туыстары қатысты. Шара әскери оркестрдің сүйемелдеуімен өтті. Қарсы алу барысында…
-

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА КЕЗЕКТІ ТҮНГІ РЕЙД ӨТТІ
Қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында қала аумағында кезекті түнгі рейд ұйымдастырылды. Іс-шара барысында жауапты мекеме өкілдері мен ерікті жастар тобы бірлесіп, түнгі уақытта қоғамдық орындар мен ойын-сауық мекемелерін бақылауға алды. Рейд кезінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүру фактілері, қоғамдық тәртіпті бұзу және басқа да құқықбұзушылықтар анықталып, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.…
-

ТҮРКІСТАНДА ТИІМДІ БАҒАДА ЖӘРМЕҢКЕ ӨТУДЕ
Бүгін Түркістан қаласындағы Ататүрік жалпы орта мектебінің автотұрағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең көлемді жәрмеңкесі өтуде. Аталған жәрмеңкеге облыс аудандарынан келген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, қала тұрғындарына табиғи әрі сапалы өнімдерін ұсынуда. Жәрмеңкеде ет және сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидектер, сондай-ақ күнделікті тұтынуға қажетті өзге де азық-түлік түрлері қолжетімді бағамен сатылуда. Іс-шараның негізгі мақсаты —…
