Автор: admin
-

Бүгін, 26 қыркүйекте, Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Батыс Қазақстан облысының әскери қызметшілерін жерлеу рәсімдері өтті
Қаралы жиындарға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР Құрылтайының депутаттары Тұрарбек Тілемісов пен Мұратбек Мұхамедиев, БҚО прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы, Қарулы Күштердің өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері мен өңір тұрғындары қатысты. Қатысушылар қаза тапқан жауынгерлердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. Отан қорғаушылардың рухына Құран бағышталып, еске алу рәсімдері өткізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаза болған…
-

ІІМ заңсыз қару-жарақты тәркілеу жұмыстарын жалғастырып жатыр
Ішкі істер министрлігі жұмысының басым бағыттарының бірі – қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы күрес. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері қылмыстық мақсатта пайдаланылған 1 700-ден астам қаруды тәркіледі. Олардың қатарында 34 автомат, 458 тапанша, мыңнан астам мылтық, 3 гранатомет және 12 мыңға жуық оқ-дәрі бар. 2022 жылғы қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған…
-

Талдықорғанда 700-ден астам тұрғын вандализм мен есірткі құқық бұзушылықтарына қарсы күресте бірікті
Талдықорған қаласында вандализмнің алдын алуға және есірткінің таралуына жол бермеуге бағытталған “Антиграффити” профилактикалық акциясы өтті. Іс-шара Талдықорған қаласының әкімдігі мен Жетісу облысының полиция департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді. Акцияға 700-ден астам адам, оның ішінде студенттер, 200-ден астам волонтер және қоғам өкілдері қатысты. Рейдтік іс-шара барысында полиция қызметкерлері акция қатысушыларымен бірлесіп,…
-

Қызылордада жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізуші ұсталды
Қызылорда қаласында бейнебақылау камералары арқылы бірнеше жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізуші анықталды. Полиция қызметкерлері жедел түрде тиісті шаралар қабылдап, құқық бұзушыны анықтады. Тексеру барысында оның көлік құралын масаң күйде басқарғаны белгілі болды. Жол қозғалысы ережелерін бұзған Қызылорда қаласының 21 жастағы тұрғыны Айтбаев Нұрсұлтан полиция бөліміне жеткізілді. …
-

Қазақстанда 18,6 млн тонна астық бастырылды
Қазақстанда егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Бүгінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егілген алқаптардың 81,5%-ы жиналды. Орташа өнімділік гектарына 14,6 центнерді құрап, 18,6 млн тонна астық бастырылды. Биыл елімдегі жалпы егіс алқабы 24,2 млн гектарға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 600 мың гектарға көп. Оның 15,6 млн гектарына дәнді дақылдар, 5,2 млн гектарына майлы дақылдар, 3…
-

Астанада ауқымды экологиялық акцияға 50 мыңға жуық адам қатысты
Астанада «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясындағы ауқымды жалпы қалалық экологиялық акция өтіп жатыр. Қала бойынша өткен іс-шараларға 50 мыңға жуық адам, сондай-ақ 3 800-ге жуық кәсіпорын, ұйым және мекеме қатысты. Бұл жұмысқа шамамен 1 мың ПИК пен МИБ те қосылды. Тазалық және абаттандыру жұмысына 607 арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Жұмыс…
-

Еңбек күні қарсаңында қазақстандықтар жұмысшы мамандықтарға деген көзқарасын білдірді
Еңбек күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі eGov платформасында азаматтар арасында сауалнама жүргізді. Зерттеу барысында қазақстандықтардың жұмысшы мамандықтарға деген көзқарасы және қоғамдағы еңбек адамдарының орны туралы пікірі зерделенді. Сауалнамаға 1 305 адам қатысты. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, қоғамда еңбек адамына деген құрмет жоғары деңгейде. Сауалнамаға қатысушылардың 76,2%-ы еңбек адамына құрмет көрсетуді маңызды…
-

ҚЫЗЫЛҚҰМДА ҚЫРУАР ЖҰМЫС БАР
ҚЫЗЫЛҚҰМДА ҚЫРУАР ЖҰМЫС БАР Билік пен бұқара арасындағы байланысты нығайтып, халықтың талап-тілегіне құлақ асу – уақыт талабы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тұрғындармен кезекті кездесуі Қызылқұм ауылдық округінде өтті. Ашық аспан астында ұйымдастырылған жиынға аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен…
-

Алматыда вакцинациямен қамту және скринингтік тексерулердің орындалуы талқыланды
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында басқарма басшысы Марат Пашимовтың қаладағы медициналық ұйымдардың басшыларымен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында медициналық ұйымдар жұмысының өзекті көрсеткіштері және медициналық көмектің сапасын одан әрі арттыру мәселелері қаралды. Қатысушылар 2026 жылдың 9 айындағы халықты вакцинациямен қамту көрсеткіштерін, сондай-ақ 8 айдағы скринингтік зерттеулердің орындалу барысын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша медициналық ұйымдардың…
-

Астанада жаңадан абаттандырылған саябаққа 250 ағаш отырғызылды
Астананың «Сарайшық» ауданында экологиялық айлық аясында 230 адам ағаш отырғызу акциясын өткізді. Бөлекпаев көшесі, 9/1 мекенжайындағы жаңадан абаттандырылған аллеяға 250 көшет отырғызылып, қоғамдық кеңістіктің жасыл желегін толықтыру жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Сарайшық ауданы абаттандыру бөлімінің бас маманы Бекзат Асанның айтуынша, биыл аталған аумақта абаттандыру жұмысы қарқынды жүргізіліп, тұрғындарға арналған қоғамдық кеңістік…
-

Астанада студенттер ағаш отырғызу іс-шарасына атсалысты
Елорданың Байқоңыр ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақбұлақ өзенінің жағалауында 100-ден астам студент 130 түп жасыл желек отырғызды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Оның ішінде 70-тен астамы – ірі көлемді ағаш, ал 50-ге жуығы – бұта. Жас көшеттер жағалау аумағын көгалдандырып, қоғамдық кеңістіктің көркін арттыруға және экологиялық ортаны жақсартуға үлес қосады. Игі бастамаға…
-

ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 26 қыркүйек күні жергілікті уақыт 12:00 де, Шалқар аудандық мәслихатының заңдылық,құқықтық тәртібі және әлеуметтік сала жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына тұрақты комиссия мүшелері және қаралатын мәселелер бойынша шақырылғандар қатысты. Тұрақты комиссия отырысына төмендегі мәселелер ұсынылды: 1) Шалқар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің атқарған жұмыстары туралы. Баяндамашы: Үмбетов Жанболат Толыбайұлы –…
-

ШҚО-да 2,3 мыңнан астам пациент тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді
Риддер қаласы прокуратурасының денсаулық сақтау саласында жүргізген талдауы барысында азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқықтарының бұзылғаны анықталды. Атап айтқанда, Риддер қалалық ауруханасының 2 326 пациенті қажетті тегін дәрілік препараттармен уақтылы қамтамасыз етілмеген. Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар толық жойылып, барлық азаматтар қажетті дәрі-дәрмекпен толық көлемде қамтамасыз етілді. Мұндай фактілердің…
-

Қазақстан мен Қытай энергетикалық ынтымақтастықтың жаңа моделін қалыптастыруда
Осыдан аз ғана уақыт бұрын Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетикалық ынтымақтастық ең алдымен мұнай мен газ салаларымен байланысты болатын. Қазір ынтымақтастықтың күн тәртібі айтарлықтай кеңейді. Оның аясында жел және күн электр станциялары, энергия жинақтау жүйелері, гидроаккумуляциялық станциялар, сутегі технологиялары және энергетика бірыңғай өндірістік тізбектің бір бөлігіне айналатын өнеркәсіптік кешендер пайда болды. Ынтымақтастықтың рөлі де өзгеруде:…
-

Сымбат Төретаев Жаңаөзен қаласының әкімі болып тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Сымбат Төретаев Жаңаөзен қаласының әкімі болып тағайындалды. Сымбат Қуанышұлы Төретаев 1978 жылғы 27 қаңтарда Маңғыстау облысы Ералиев ауданының Жетібай ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2000 жылы Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында жедел уәкіл қызметінен бастаған. Кейін аға жедел уәкіл, аса…
