Автор: admin
-

«Таза Қазақстан»: Astana Half Marathon аясында ерекше экологиялық акция ұйымдастырылды
Astana Half Marathon жартылай марафоны аясында саналы тұтыну мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттауға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жартылай марафон бағыты бойындағы тамақтану орындарында пластик бөтелкелер мен алюминий банкаларды бөлек жинауға арналған тоғыз арнайы қабылдау пункті ұйымдастырылды. Оның сегізі жарыс бағыты бойында орналасса, тағы…
-

Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты
Елордада дәстүрлі Astana Half Marathon жарысы өтті. Жарыс аясында құрамына 40-қа жуық адам кірген Funduk Team инклюзивті командасының 10 экипажы стартқа шықты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Әр экипаж бір штурманнан – инклюзивті қатысушы және оған қашықтықты еңсеруге көмектескен үш пилоттан тұрды. Мұндай бастамалар инклюзивті ортаны дамытуға және қалалық кеңістіктің барлық тұрғын үшін қолжетімді…
-

Талдықорғанда «Рәміздерім – мақтанышым» атты ЖИ форматындағы бейнебайқау өтті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай және елдегі конституциялық реформалардың маңызын дәріптеу мақсатында Талдықорған қаласында «Рәміздерім – мақтанышым» атты жасанды интеллект (ЖИ) форматындағы бейнебайқау өтті. Аталған байқау мемлекеттік рәміздердің тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы ерекше рөлін насихаттауға, жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға, ұлттық құндылықтарға деген құрметін нығайтуға және заманауи технологияларды шығармашылық бағытта тиімді пайдалануға арналды. Сонымен…
-

Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды
Қарқаралының қымызы еліміз бойынша ең үздік деп танылды. BaiQymyz-2026 фестивалінде ауданның қымыз өндірушілері екі бірдей жүлдені иеленді: бас жүлде және екінші орын. Жеңіс үшін Қарағанды облысы мен Қазақстанның өзге өңірлерінен келген 37 шаруашылық бақ сынады. Финалға дейін қатысушылар қатаң іріктеуден өтті: мамандар сусынның сапасын зертханаларда тексеріп, шаруашылықтардың жұмысын бағалады. Жеңімпаздарды ғалымдар, қоғам және мәдениет қайраткерлерінен…
-

Аумақтарды абаттандыру
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Белое ауылдық округінің аумағында кезекті сенбілік ұйымдастырылып, елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға Белое ауылдық округі әкімі аппаратының ұжымы, «Кулик Н.П.» ЖШС қызметкерлері және Щучье ауылдық клубының қызметкерлері белсенді қатысты. Сенбілік барысында қоғамдық орындар тазартылып, көшелер қоқыстан аршылып, іргелес аумақтарды ретке келтіру жұмыстары атқарылды. Ақпарат…
-

Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты
Елордада дәстүрлі Astana Half Marathon жарысы өтті. Жарыс аясында құрамына 40-қа жуық адам кірген Funduk Team инклюзивті командасының 10 экипажы стартқа шықты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Әр экипаж бір штурманнан – инклюзивті қатысушы және оған қашықтықты еңсеруге көмектескен үш пилоттан тұрды. Мұндай бастамалар инклюзивті ортаны дамытуға және қалалық кеңістіктің барлық тұрғын үшін қолжетімді…
-

Astana Half Marathon 2026 шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд орнатты
Астанада бесінші мерейтойлық Astana Half Marathon өтті. «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырған елордадағы ең ірі жүгіру жарысы 7 000 қатысушының басын қосып, жарыс тарихындағы шетелдік спортшылар саны бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Биыл жарыс жолына әлемнің 30-дан астам елінен келген 243 шетелдік желаяқ шықты. Шетелдік қатысушылардың ең көбі Ресейден…
-

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Алакөл жағалауында «EcoQadam» экологиялық форумы өтті
Алакөл жағалауында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы шеңберінде «EcoQadam» экологиялық форумы ұйымдастырылды. Форумның негізгі мақсаты – туристік аймақтың экологиялық тазалығын сақтау, жастар арасында экологиялық мәдениетті дамыту және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларды қолдау. Іс-шара аясында Алакөл жағалауында кең көлемді тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Экологиялық акцияға 200-ге жуық жас қатысты. Нәтижесінде жағалаудың 150 гектар аумағы қоқыстан тазартылып, жиналған…
-

Алматыда Қазақстан тарихының академиялық жеті томдығын әзірлеу жөніндегі редакциялық алқаның кезекті отырысы өтті
Алматыда Қазақстан тарихының академиялық жеті томдығын әзірлеу жөніндегі редакциялық алқаның кезекті отырысы өтті Алматы қаласында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен «Қазақстан тарихы ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін» атты академиялық жеті томдықты әзірлеу жөніндегі редакциялық алқаның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Тәуелсіз Қазақстан кезеңіне арналған жетінші томның қолжазбасы қаралды. Авторлар ұжымының жетекшісі Бүркітбай Аяған академиялық еңбектің…
-

Ақтөбе облысының мұғалімдері мемлекеттік наградаларға ие болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі, көп жылғы адал еңбегі мен кәсіби жетістіктері үшін өңірдің төрт педагогі орден-медальдармен марапатталды. Жоғары мемлекеттік наградаларды ұстаздарға Президенттің атынан облыс әкімі Асхат Шахаров табыстады. Салтанатты марапаттау рәсімі облыс әкімдігінде өтті. Асхат Шахаров педагогтерді жоғары мемлекеттік марапаттарымен құттықтап, білім беру жүйесін дамыту мемлекеттік…
-

Ақтөбе облысында 3 мыңнан астам адам Skills Enbek платформасында жаңа дағдыларды меңгерді
Қазіргі таңда жаңа білім мен кәсіби дағдыларды игеру жұмыспен қамтылу және мансаптық өсу үшін маңызды шарттардың біріне айналды. Мұндай мүмкіндікті үйден шықпай-ақ Skills Enbek онлайн-платформасы арқылы пайдалануға болады. Платформа сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім алып, біліктілікті арттыруға мүмкіндік береді. Платформа жұмыссыз азаматтарға да, жаңа мамандық меңгергісі келетін, қызмет саласын өзгертуді немесе кәсіби құзыреттерін…
-

Әлеуметтік көмек алу құқығы адамның негізгі құқықтарының бірі болып табылады
Әлеуметтік көмек алу құқығы адамның негізгі құқықтарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасында мемлекет өмірлік қиын жағдайға тап болған, мүгедектігі бар, еңбекке қабілеттілігінен айырылған, балаларды тәрбиелеп отырған, зейнеткерлік жасқа толған немесе заңнамада көзделген басқа да санаттарға жататын адамдарға қолдау көрсетеді. Әлеуметтік көмек лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге, әлеуметтік теңсіздікті төмендетуге және халықтың ең осал топтарын…
-

Әділдік пен жауапкершілік Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 5 қарашадағы №1081 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі құндылықтарының бірі болып табылады
Әділдік пен жауапкершілік Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 5 қарашадағы №1081 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі құндылықтарының бірі болып табылады. Әділдік пен жауапкершілік – бұл адамның қадір-қасиетін құрметтеуге, сенімге, келісімге және әр адамның құқықтары мен бостандықтарын өзара құрметтеуге негізделген өзара байланысты принциптер. Азаматтардың өз құқықтарын, міндеттері мен жеке жауапкершілігін сезінуі тұрақты, үйлесімді және…
-

“Адал азамат” қағидаты әділ, жауапты және құқықтық қоғамды қалыптастырудың негізі болып табылады
“Адал азамат” қағидаты әділ, жауапты және құқықтық қоғамды қалыптастырудың негізі болып табылады. Ол басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін, өз міндеттерін адал орындайтын және өзінің еңбегімен және белсенді азаматтық ұстанымымен мемлекеттің дамуына үлес қосатын заңға бағынатын, білімді, патриоттық және парасатты азаматтың бейнесін көрсетеді. “Адал азамат” идеалдары азаматтар мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі қағидатымен тығыз байланысты. Мемлекет…
-

Алматыда Қаршыға Ахмедияровтың 80 жылдығына орай «Күй ұран» еске алу кеші өтті
Алматы қаласында Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, көрнекті күйші-композитор Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 80 жыл толуына арналған «Күй ұран» атты еске алу кеші өтті. Іс-шара Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің бастамасымен ұйымдастырылды. Кешке мәдениет және өнер қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ Қаршыға Ахмедияровтың туған-туыстары мен әріптестері қатысты.…
