Автор: admin

  • Үшарал қаласындағы БЖСМ-де Алакөл ауданының мемлекеттік қызметшілері арасында спартакиада

    Үшарал қаласындағы БЖСМ-де Алакөл ауданының мемлекеттік қызметшілері арасында спартакиада

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

      Мемлекеттік қызметшілер күніне орай 15 маусым күні Үшарал қаласындағы БЖСМ-де Алакөл ауданының мемлекеттік қызметшілері арасында спартакиада өтті. Тартысқа толы дода қорытындысы бойынша: 🏆 І орын — Аудан әкімінің аппараты 🥈 ІІ орын — Үшарал қаласы әкімдігі 🥉 ІІІ орын — Арқарлы, Еңбекші, Жанама және Қызылқайың ауылдық округтерінің құрама командасы Жеңімпаздар дипломдармен, медальдармен, кубоктармен және…

  • Ырғыз ауылдық округінің Ырғыз, Ақши және Қалыбай ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізілді.

    Ырғыз ауылдық округінің Ырғыз, Ақши және Қалыбай ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізілді.

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 18 маусымда аудан әкімі Н.Қызбергенов пен Ырғыз ауылдық округінің әкімі Н.Жұбаназаровтың Ырғыз ауылдық округіне қарасты Ырғыз, Ақши және Қалыбай ауылдарының тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесу барысында елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар, инфрақұрылым мәселелері және ауылдардың өзекті түйткілдері талқыланды.Тұрғындар тарапынан көтерілген ұсыныстар мен мәселелер тыңдалды. Кездесу қорытындысында аудан әкімі тұрғындармен…

  • 21 маусым – Қазақстандағы Медицина қызметкері күні. ШҚО-да үздік дәрігерлер марапатталды

    21 маусым – Қазақстандағы Медицина қызметкері күні. ШҚО-да үздік дәрігерлер марапатталды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында Медицина қызметкері күніне орай салтанатты шара өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты. «Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер күн сайын адам өмірі үшін күресіп, ұлт саулығын жақсартуға өлшеусіз үлес қосып келесіздер.  Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев денсаулық сақтау саласын дамыту, дәрігерлерді барынша қолдау – мемлекеттің маңызды міндетінің бірі екенін…

  • Таза көшелер – ортақ міндет

    Таза көшелер – ортақ міндет

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Новоселов ауылының көшелерінде қоқыс тазалау жұмыстары жүргізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-novoselov/press/news/details/1244354?lang=ru

  • «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

    «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2026 жылдың 19 маусымында Қызылорда облыстық нотариаттық палатасының ғимаратында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді. Акция барысында тұрғындардың сұрақтарына толық жауап беріліп, құқықтық көмек көрсетілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1244355?lang=ru

  • Құрметті медицина қызметкерлері!

    Құрметті медицина қызметкерлері!

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Адам денсаулығы мен өмірін сақтаудағы адал еңбектеріңіз, жоғары жауапкершіліктеріңіз бен жанашырлықтарыңыз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Сіздердің мейірімдеріңіз бен кәсібиліктеріңіз талай жанға үміт сыйлап, сауығуына себеп болып келеді.Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, абыройларыңыз арта берсін! Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, бақ-береке, толағай табыс және кәсіби жетістіктер тілейміз.Мерекелеріңіз құтты болсын!…

  • Медицина қызметкерлері күніне орай мерекелік шара өтті

    Медицина қызметкерлері күніне орай мерекелік шара өтті

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    елік кеш «Өмірге үміт сыйлаған жандар» атты театрландырылған прологпен басталып, ақ халатты абзал жандардың адам өмірін сақтаудағы өлшеусіз еңбегі мен мамандықтың маңыздылығы дәріптелді. Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Нариман Жахудаев сөз сөйлеп, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлеріне аудан әкімі Мажит Самитовтің мерекелік құттықтауын жеткізді. – Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен…

  • «Мемсараптама» РМК сейсмикалық төзімді құрылыс мәселелері жөнінде халықаралық дөңгелек үстел өткізді

    «Мемсараптама» РМК сейсмикалық төзімді құрылыс мәселелері жөнінде халықаралық дөңгелек үстел өткізді

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    «Мемсараптама» РМК-да бейнеконференция байланысы форматында «Сейсмикалық белсенді аудандардағы құрылыс жобаларын сараптау және жобалау мәселелері» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Беларусь елдерінің өкілдері қатысты. Қатысушыларға ҚР «Мемсараптама» РМК бас директорының цифрландыру жөніндегі орынбасары Саламат Серікқалиев пен Ресейдің «Главгосэкспертиза» федералдық автономды мекемесі құрылыс шешімдері басқармасының басшысы Евгений Леонтьев сөз…

  • ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Casablanca Smart City 2026 форумына қатысты

    ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Casablanca Smart City 2026 форумына қатысты

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Марокко Корольдігінің Касабланка қаласында өткен «Casablanca Smart City 2026» 10-шы халықаралық форумына Бельгия, Ирландия, Қытай, Сингапур, АҚШ, Франция, Швейцария, Марокко және басқа да бірқатар мемлекеттердің мемлекеттік органдарының, халықаралық ұйымдарының және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысып, қалаларды дамытудың заманауи тәсілдері мен мемлекеттік басқару жүйесіне жаңа технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.Пленарлық сессия барысында Ботагөз Жақселекова технологиялық даму жағдайында заңнаманы…

  • «Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде 2026 жылғы 1 шілде мен 31 шілде аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

    «Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде 2026 жылғы 1 шілде мен 31 шілде аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде 2026 жылғы 1 шілде мен 31 шілде аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.Іс-шара «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас…

  • Күршімде аңызға айналған ардагер Құрмат Рахимовке ескерткіш тақта ашылды

    Күршімде аңызға айналған ардагер Құрмат Рахимовке ескерткіш тақта ашылды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Күршім ауылындағы Юрий Гагарин атындағы №1 орта мектепте Ұлы Отан соғысы мен ішкі істер органдарының ардагері Рахимов Құрмат Рахимұлына арналған ескерткіш тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Биыл 17 маусымда Құрмат Рахимұлы 102 жасқа толар еді. Алайда ол 2026 жылғы 9 сәуірде өмірден озды. – Естелік тақтаның дәл осы мектепте ашылуының өзіндік мәні бар. Өйткені мұнда…

  • «Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті

    «Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Бүгін «Достық үйінде» ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Президент сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Нұртөре Жүсіптің «Жүректегі жапырақ» атты кітабының таныстырылымы өтті.Оған облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, Сенат депутаттары Бекбол Орынбасаров, Амангелді Есбай, зиялы қауым өкілдері және оқырмандар қатысты.…

  • Қарақия ауданында оқу жылының үздіктері марапатталды

    Қарақия ауданында оқу жылының үздіктері марапатталды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Құрық ауылындағы Мәдениет үйінде Қарақия ауданының әкімі Сымбат Қуанышұлы Төретаевтың қатысуымен 2025–2026 оқу жылының қорытындысына арналған «Дарын мен еңбектің салтанаты» атты салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы, бөлім мамандары, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер, оқушылар мен ата-аналар қатысты. Салтанатты жиында ауданның білім беру саласында қол жеткізілген жетістіктер қорытындыланып, республикалық және халықаралық олимпиадаларда, ғылыми…

  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы  19  маусымда  «СҚО Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша жария талқылау өткізілді. Талқылау барысында қатысушылар атқарылған жұмыстарға баға берді, сондай-ақ ұсынымдарды уақтылы орындау жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-pribrezhniy/press/news/details/1244332?lang=ru

  • Жеміс Досмагамбетова Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды

    Жеміс Досмагамбетова Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

      Мемлекеттік қазынашылық комитеті төрағасының бұйрығымен Жемис Сагатовна Досмагамбетова Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұрынғы атқарған лауазымы – Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті операциялық бөлімінің басшысы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1244333?lang=ru