Автор: admin
-

Құттықтаймыз! Кәсіподақ жұмысына қосқан үлесі үшін марапатталды
Кәсіподақ жұмысына белсенді қатысқаны, адал еңбегі, жауапкершілігі мен жоғары кәсіби біліктілігі үшін, сондай-ақ Қазақстан Кәсіподақтары күніне орай «Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ-нің мемлекеттік еңбек инспекторы, бастауыш кәсіподақ комитетінің төрайымы Баймағанбетова Қалбибі Қаныбекқызы «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы М. Жақыповтың Алғыс хатымен марапатталды.Әріптесімізді лайықты марапатымен…
-

Қаржы министрлігі: МӘМС жүйесінде бақылауды күшейту медициналық көмек көрсетуге қосымша қаражат бағыттауға мүмкіндік берді
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қаржы министрлігінің қарамағына берілгеннен кейінгі бірінші кезектегі міндеті қаржылық шығындарға жол бермеу мен қаражаттың мақсатты пайдалануын қамтамасыз ету болды. Азаматтарды емдеуге жұмсалатын қаражат медициналық ұйымдарға көрсетілген медициналық көмектің негізділігі мен нақты көрсетілуіне сәйкес жетуі тиіс. Жүргізілген жұмыстың 9 айдағы нәтижесі бойынша қаражаттың жылыстауына әкеп соғатын арналар анықталып, жолы кесілді, 23,4 млрд…
-

Ұлытау облысы ТЖД-де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары жалғасуда
2026 жылғы 6 қазанда «Құтқарушылар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» акциясы аясында Қаражал қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінде профилактикалық жиын өтті. Іс-шара Ұлытау облысы ТЖД Кадр және тәрбие жұмыстары басқармасы мен Өзіндік қауіпсіздік тобының үйлестіруімен ұйымдастырылды. Жиынға Қаражал қаласының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Сембек Мергенбай Ерланұлы қатысып, жеке құрамға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, Әдеп кодексі нормаларын…
-

Ұлытау облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы
Ұлытау облысында 2026–2027 жылдарға арналған жылыту кезеңіне дайындық және өрттің алдын алу жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Өткен маусымда тұрғын үй секторында 45 өрт тіркеліп, адам шығынына жол берілмеген болатын. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ТЖД тамыз айынан бастап үш кезеңнен тұратын арнайы жоспарды іске асыруда. Бүгінде өңірде қатты отынмен жылытылатын 8 651 үй бар. Басты назар…
-

Астанада Fly-Park LAST RIDE-26 экстремалды спорт түрлерінен жарыс өтті
Астананың Байқоңыр ауданындағы Кемал Ататүрік атындағы саябақта орналасқан Fly Park скейт-паркінде Fly-Park LAST RIDE-26 экстремалды спорт түрлерінен жарыс өтті. Іс-шараға 12-25 жас аралығындағы 200-ге жуық жас спортшы қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жарыс BMX фристайлы және трюктік самокат (Scoot) бағыттары бойынша ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында көше спорты мәдениетін дамыту, салауатты…
-

Қазақстан Интерпол бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда
Астанада Орталық Азия елдерінің Интерпол ұлттық орталық бюролары басшыларының кеңесі өтті. Халықаралық кездесуге Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның делегациялары, сондай-ақ Интерполдың Бас хатшылығының өкілдері қатысты. Іс-шараға қатысушылар трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл, халықаралық іздестіру, киберқауіптер мен қаржылық қылмыстарға қарсы күрес, ақпарат алмасу және Интерполдың…
-

Астанада «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен 2026 жылғы 9 қазанда Астанада жылсайынғы «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпарат пен жарнаманың сапасын арттыруға, кәсіпкерлік субъектілері мен азаматтардың тіл мәдениетіне деген жауапкершілігін нығайтуға және қоғамдық кеңістікте қазақ тілінің сауатты қолданылуын насихаттауға үлес…
-

ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНДА ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА ТІК БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Департаменттің еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Б. Жұманов Қызылорда қаласындағы «Мелиоратор» ЖШС-нің құрылыс алаңына барып, өндірістік процестер барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталу жағдайына тікелей бақылау жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – өндірістік жарақаттану тәуекелдерін төмендету, жазатайым оқиғалардың алдын алу және жұмыс берушілердің еңбек заңнамасы талаптарын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.…
-

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты
Елордада 12 қыркүйек пен 10 қазан аралығында өткен «Таза Қазақстан» күзгі экологиялық айлығы аяқталды. Қаланы тазарту, абаттандыру және көгалдандыру іс-шараларына 400 мыңға жуық тұрғын мен 15 мың кәсіпорын және ұйым қатысты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Экологиялық айлық барысында елорданың барлық ауданында 9 мыңға жуық аула аумағы ретке келтірілді. Қоқыс үйінділерін тазалаумен бірге, 150…
-

«Шығыс Салбурыны-2026» халықаралық фестиваліне 9 елден келген 176 бүркітші қатысты
Шығыс Қазақстанда V халықаралық «Шығыс Салбурыны – 2026» фестивалі өтті. Биыл фестиваль аясында алғаш рет құсбегіліктен Ашық Азия кубогі ұйымдастырылды. Биыл фестивальге 176 бүркітші және тазыны баптаумен айналысатын 50-ден астам адам қатысты. Жарысқа Қазақстанмен қатар Венгрия, Грузия, Испания, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Түркия және Өзбекстан елдерінің өкілдері келді. Ұлан ауданының Бозанбай ауылындағы «Бүркіттөбе» этнокешенінде өткен…
-

Қазақстандағы кәсіподақтар қатарында 2,9 миллионға жуық жұмысшы бар
Елімізде 2,9 миллионға жуық мүшесі бар 530 кәсіподақ ұйымы қызмет етеді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік әріптестермен бірлесіп, еңбек заңнамасын жетілдіру, ұжымдық шарттар жүйесін дамыту және жұмысшылардың құқықтарын қорғау тетіктерін нығайту бағытында жұмыс жүргізіп келеді. 10 қазанда елімізде Кәсіподақтар күні атап өтіледі. Кәсіподақ ұйымдарының құрамына республикалық деңгейдегі 4 кәсіподақ бірлестігі, салалық 54…
-

«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ
Шымкентте қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту және велоспортқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Шымкент веломарафоны» ұйымдастырылды. Қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мұрындық болған шараның ашылу салтанаты «Тәуелсіздік» саябағында өтті. Одан кейін 350-ге жуық қатысушы 20 шақырымдық қашықтықты бағындыру үшін Ипподромға қарай жолға шықты. Биыл екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған веломарафонға әртүрлі…
-

“Қауіпсіз үй”: төрт күнде 46 мыңнан астам тұрғын үй нысаны тексерілді
ІІМ профилактикалық “Қауіпсіз үй” іс-шарасын жалғастыруда. Оның мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және балаларды қорғау. – Құрметті азаматтар! Елімізде “Қауіпсіз үй” профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Біз бұл шараны әрбір азамат өз үйінде, ауласында және көшеде өзін жайлы әрі қауіпсіз сезінуі үшін өткізіп жатырмыз. Алғашқы төрт күнде 46…
-

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам креаторының басын қосқан көрме-жәрмеңке ашылды
Елордада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында «Aqtobe Creative Days мәдени-креативті көрме-жәрмеңкесі жұмысын бастады. Екі күнге жоспарланған шарада Ақтөбе облысының 100-ден астам креаторы 30-ға жуық бағыт бойынша авторлық өнімдерін, шығармашылық жобалары мен жергілікті брендтерін таныстырады. Іс-шара Креативті индустрияларды дамыту қорының алаңында, Qazaq Creative Hub кеңістігінде өтіп жатыр. Қатысушылар қатарында қолөнер шеберлері, дизайнерлер мен суретшілер, мәдениет мекемелерінің…
-

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам креаторының басын қосқан көрме-жәрмеңке ашылды
Елордада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында «Aqtobe Creative Days мәдени-креативті көрме-жәрмеңкесі жұмысын бастады. Екі күнге жоспарланған шарада Ақтөбе облысының 100-ден астам креаторы 30-ға жуық бағыт бойынша авторлық өнімдерін, шығармашылық жобалары мен жергілікті брендтерін таныстырады. Іс-шара Креативті индустрияларды дамыту қорының алаңында, Qazaq Creative Hub кеңістігінде өтіп жатыр. Қатысушылар қатарында қолөнер шеберлері, дизайнерлер мен суретшілер, мәдениет мекемелерінің…
