Автор: admin
-

Metlen Energy & Metals компаниясы Қазақстанда металлургиялық қалдықтарды қайта өңдеуді жолға қоюды жоспарлап отыр
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ардақ Зебешев Грекияның Metlen Energy & Metals өнеркәсіптік тобының делегациясымен кездесті. Тараптар компанияның металлургиялық қалдықтарды қайта өңдеу және олардан мыс, мырыш, никель, кобальт пен басқа да бағалы металдарды бөліп алу жобасының іске асырылу барысын талқылады. Делегация құрамында M Critical & Rare Metals бағытының коммерциялық директоры Александрос Контузоглу және Metlen Energy…
-

КЕМЕҚАЛҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Кемеқалған ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер мен алдағы міндеттерді талқылады. Кездесу барысында округтің қазіргі ахуалы сараланып, инфрақұрылымды жетілдіру, ауыз сумен қамту, жол сапасын жақсарту, электр желілерін ретке келтіру, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағыттары сөз болды. Аудан әкімі Еркеғали…
-

Ақтауда оқыту тренингтерінің сериясы аяқталды
Ақтауда полицияның отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларына гендерлік тұрғыдан сезімтал ден қоюына арналған оқыту іс-шараларының қорытынды кезеңі өтті. Оқыту сериясы аясында Ішкі істер министрлігінің пилоттық өңірлердегі мамандандырылған бөлімшелерінің қызметкерлері практикалық ден қою құралдарымен жұмыс істеді. Олар қайталанатын және ауыр зорлық-зомбылық қаупін кешенді бағалауды, әр баланың қауіпсіздігін ескеруді, қорғау шараларын қолдануды, зорлық-зомбылық жасаған адаммен…
-

ҚОҒАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ: ДАМУ БАҒЫТЫ МЕН МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕР
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың аудан тұрғындарымен кездесу жиыны Қоғалы ауылдық округінде жалғасын тапты. Басқосудың басты мақсаты – аудан көлемінде атқарылған жұмыстардың нәтижесін саралау, алдағы кезеңге арналған жоспарларды айқындау және тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелерді талқылау. Жиында аудан басшысы 2026 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы уақытта іске асырылатын жобалар мен басым бағыттарды таныстырды. Әсіресе,…
-

ҚАСҚАСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН БОЛАШАҚ БАҒЫТТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың 2026 жылдың екінші жарты жылдығындағы кездесуі Қасқасу ауылдық округінде жалғасын тапты. Ашық форматта өткен кездесуде елді мекендердің тыныс-тіршілігі, атқарылған жұмыстардың нәтижесі, алдағы жоспарлар мен тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер кеңінен сөз болды. Кездесу барысында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы ауылдық округте жыл басынан бері жүзеге асырылған жұмыстарға тоқталып, алдағы кезеңге…
-

Көкшетауда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды
Көкшетауда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті. Іс-шараға Ішкі істер министрлігінің, жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, мектептер мен колледждердің басшылары қатысты. Жасөспірімдер қылмысының алдын алу, есірткінің таралуына қарсы іс-қимыл, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және балалардың жол-көлік жарақаттануының профилактикасы…
-

«Бозоқ» музей-қорығында білім берудің жаңа бағыттары талқыланды
«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Музей – білім беру кеңістігі: инновациялық жұмыс бағыттары» атты республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті. Іс-шараға еліміздің әр өңірінен тарихшы ғалымдар, музей қызметкерлері, педагогтер және сала мамандары қатысты. Семинардың басты мақсаты – тарихи мұраны сақтау, оны кеңінен таныту, музейлердің ғылыми-ағартушылық жұмысын дамыту және музейлер мен білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайту. Жиында көтерілген…
-

Әкімшілік жауаптылыққа басқарма басшысы тартылды
Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданының прокуратурасымен Кәсіпкерлік кодексінің талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу барысында Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының басшысы «Ел-Даулет» асханасын тексеру нәтижесімен асхананы тоқтату туралы ұйғарым шығару барысында аудандық прокуратураны ескертпеген. Осылайша Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасының талаптары бұзылған. Аталған заң бұзушылық бойынша аудандық прокуратурамен Бөкей ордасы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының басшысы ӘҚБтК-тің 666-бабымен әкімшілік…
-

🔹Маңғыстауда кәсіподақ күніне орай еңбек адамдарына құрмет көрсетілді
2026 жылғы 9 қазанда Ақтау қаласындағы «Holiday Inn Aktau» қонақүйінде Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күніне арналған салтанатты жиын өтті. «Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға кәсіподақ қозғалысының ардагерлері, кәсіподақ мүшелері, әлеуметтік әріптестер және өңірдің түрлі мекемелерінің өкілдері қатысты. Салтанатты жиынды Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығының төрағасы Серік Бекбергенов бастаған өңірдегі салалық және жергілікті…
-

Бейнебақылау — қала тәртібіне көмек
Жезқазғанда қала тазалығын қамтамасыз ету, құқық бұзушыларды анықтауда Жедел басқару орталығының мүмкіндіктерін пайдалану және осы бағыттағы жұмыстың нәтижелері талқыланды. Кездесу Ұлытау облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығында өтті. Жезқазған қаласының қоғамдық кеңес мүшесі Серік Дүйсен ПД ЖБО бастығының міндетін атқарушы Руслан Дінмұхаммедовпен кездесіп, қаладағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде пікір алмасты. Кездесуде бейнебақылау арқылы…
-

КИЕЛІТАС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың аудан тұрғындарымен жоспарлы кездесуі Киелітас ауылдық округінде өтті. Жиында елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, инфрақұрылымды жетілдіру, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және тұрғындар көтерген өзекті мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстар сараланды. Кездесу барысында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалына тоқталып, Киелітас ауылдық округінде қолға алынған жобалар мен алдағы жоспарлар…
-

Көлікке енгізілген өзгеріс жауапкершілікке әкелді
Жезқазғанда газ шығару жүйесіне рұқсатсыз дыбыс күшейтетін құрылғы орнатылған BMW маркалы автокөлігі арнайы тұраққа қойылды. Көлікті басқарған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылықты патрульдік полиция қызметкерлері 8 қазан күні сағат 20:25 шамасында анықтаған. Тексеру барысында автокөліктің техникалық талаптарға сай келмейтіні белгілі болды. Атап айтқанда, оның газ шығару жүйесіне тиісті рұқсатсыз қосымша құрылғы орнатылып, көлік қайта…
-

Бағжан Октябрь Бакуда!
Құрметті Баку тұрғындары! 10 қазанда Баку қаласында қазақстандық виолончелист Бағжан Октябрьдің әлемдік туры аясында «Терапия души» концерті өтеді. «Терапия души» — көрермен жақсы көретін әуендер, танымал фильмдер мен сериалдардың саундтректері, ерекше аранжировкалар және камералық оркестрдің сүйемелдеуімен орындалатын әсерлі бағдарлама. Күні: 10 қазан, 20:00 Мекенжайы: Heydər Əliyev Sarayı, Баку Билеттерді мына сілтеме арқылысатып алуға болады: https://iticket.az/events/concerts/bagjan-oktyabr-soul-therapy-new-program-world-tour-2026…
-

Маркетплейс жүргізуге оқыту – алаяқтық жасау тәсілі
Елорда тұрғыны әлеуметтік желілер арқылы азаматтарға маркетплейсін жүргізу бойынша оқыту қызметін ұсынған. Оқыту барысында жәбірленушілердің сеніміне кіріп, салынған қаражатты пайдасымен қайтаруға уәде беріп, маркетплейсі арқылы тауарларды сатып алу және кейіннен сату үшін ақша салуды ұсынған. Алынған ақшалай қаражатты өз қалауы бойынша пайдаланған. Қылмыстық әрекеттер салдарынан бес жәбірленушіге жалпы сомасы 15,6 млн теңге материалдық залал келтірілген.…
-

Жетісу облысының Қабанбай ауылында Республика күні қарсаңында 80 орындық жаңа спорт кешені ашылды
Жетісу облысы Алакөл ауданының Қабанбай ауылында Республика күні қарсаңында бір мезгілде 80 балаға дейін қабылдай алатын жаңа спорт кешені ашылды. Құрылысы толық аяқталған нысан пайдалануға беріліп, ауыл тұрғындарының игілігіне ұсынылды. Жаңа спорт кешені балалар мен жасөспірімдердің тұрақты түрде спортпен шұғылдануына, жаттығулар өткізуіне және бос уақытын тиімді ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Нысанның ашылуы ауылдық жерлерде бұқаралық және…
